×
474.08
558.28
6.26
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.08
558.28
6.26

Павлодардағы әскери бөлімде атыс болып, бір сарбаз қаза тапты

Бүгін, 10:05
Павлодардағы әскери бөлімде атыс болып, бір сарбаз қаза тапты
фото: ашық дереккөзден

Павлодардағы әскери бөлімдердің бірінде болған атыстан бір әскери қызметкер қаза тауып, тағы бірі жарақат алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, оқиға келісімшарт негізінде қызмет атқаратын әскери қызметшілердің қатысуымен болған. Олардың бірі өзіне бекітілген қарудан оқ атқан. Салдарынан өзі оқиға орнында көз жұмып, екінші әскери қызметкер жараланған.

«Алдын ала мәлімет бойынша, келісімшарт бойынша әскери қызметші өзіне бекітілген қарудан оқ атқан. Соның нәтижесінде ол оқиға орнында қаза тапты, ал тағы бір әскери қызметкер жарақат алды», – деп хабарлады ІІМ.

Ведомство өкілдері аталған факті бойынша қылмыстық істер қозғалғанын, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Зардап шеккен адамға медициналық көмек көрсетілуде.

ҚАҢТАРДАҒЫ ТӨРТ ӨЛІМ

Соңғы жылдары әскери бөлімдерде сарбаздар өлімі жиіледі. Биыл қаңтар айының өзінде төрт сарбаз көз жұмды.

7 қаңтарда Шымкентте ҚР Ұлттық ұланының 6506-әскери бөлімінде әскери борышын өтеп жатқан 21 жасар сарбаздың жүрегі тоқтап қалды. 

14 қаңтарда Ақтау горнизонында келісімшарт негізінде қызмет атқарған кіші сержантты әскери полигоннан бөлімшеге қайтып келе жатқан уақытында КамАЗ басып кетті. Ол оқиға орнында жан тапсырды.

Ал 23 қаңтарда Өскемен гарнизонының бір әскери бөлімінде сарбаз қарауылдық қызмет атқару кезінде өз қаруынан оқ атып, алған жарақаттан көз жұмғаны хабарланды.

Сондай-ақ, 27 қаңтар күні Жамбыл облысындағы Гвардейск гарнизонында тағы бір сарбаз қаза тапты.

Серіктес жаңалықтары