×
474.08
558.28
6.26
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.08
558.28
6.26

«Үнсіз отырмашы»: Танагөз Толқынқызының поэзия кеші өтеді

Бүгін, 11:46
«Үнсіз отырмашы»: Танагөз Толқынқызының поэзия кеші өтеді
фото: ашық дереккөзден

Ақын, журналист Танагөз Толқынқызы 3 мамырда Алматы қаласында «Үнсіз отырмашы» атты махаббат лирикасы оқылатын жеке поэзия кешін өткізеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Ақын бачата билейді

Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасына жазды. Айтуынша, кеште ақын өлең оқиды, авторлық әндері орындалады. Ең қызығы Танагөз Толқынқызы бачата билейді.

Шынымды айтсам, бачата билейтінім өзіме де қызық болып тұр. Поэзия - бекзада өнер ғой. Ол тек махаббат пен сұлулықтан ғана тұруы керек деп есептеймін. Содан болар менің поэзиям тек махаббатты жырлайды. Өлеңдерім де тек ғашық кездерімде жазылған.  Соңғы екі жылда бір жаңа би түрін үйрендім. Бачата деп аталады. Бұл да -махаббат биі. Адамның жүрегі тек сүю үшін жаратылған деп ойлаймын. Одан өзгеге ол жерде орын болмауы тиіс,– дейді ақын. 
 

Танагөз Толқынқызының айтуынша, кеш ақынның поэзиясын сүйетін адамдарға және поэзиясымен танысқысы келетін жандарға арналады. 

Резонанстан кейінгі алғашқы кеш

Айта кету керек, бұл ақынның наурыз айында жазған постынан кейін беретін алғашқы кеші. Естеріңізде болса, әлеуметтік желілерде ақын Танагөз Толқынқызының қазақ қоғамы туралы 7 наурызда Фейсбукте жариялаған жазбасы қызу талқыланған болатын. Ол қазақтарды "принципі жоқ", "құлдық сана қалыптасқан" қоғам деп айыптап, құндылықтардың әлсірегенін, адамдардың бір-біріне жанашырлығы азайғанын және пайдакүнемдік пен жемқорлық кең тарағанын жазған. Ал 30 наурызда Астана қалалық Сарайшық ауданы полициясы хабарласып, eGov сайты арқылы бір адамнан шағым түскенін айтады. Ал кейін жазылған арыз бойынша іс тоқтатылды. 

Серіктес жаңалықтары