×
469.52
553.75
6.15
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
469.52
553.75
6.15

Жапаров қырғыздарды 20 округке бөлмекші

16.04.2026, 12:41
Жапаров қырғыздарды 20 округке бөлмекші
фото: kg.akipress.org

Қырғызстанда әкімшілік реформаның екінші кезеңі басталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ПРЕЗИДЕНТ МӘЛІМДЕМЕСІ

24.kg порталының жазуынша, ел президенті Садыр Жапаров республика аумағы 20 округке бөліенетінін мәлімдеді.

Бұл туралы ол Ноокат ауданындағы тұрғындармен кездесуде айтқан.

Президенттің сөзінше, қазіргі облыстар мен аудандар таратылып, олардың орнына 20 округке құрылады. Қазір елде 44 аудан мен 33 қала бар.

«Облыстар мен аудандар жойылады, олардың орнына 20 округ қалады – қарапайым тілмен айтқанда, 20 облыс сияқты жүйе болады. Біз соған келеміз. Бірақ бұған әлі уақыт керек, шамамен үш-төрт жыл», – деді Жапаров.

ПИЛОТТЫҚ ЖОБА

Президенттің сөзінше, алдымен бір округ пилоттық жоба ретінде екі-үш жыл сынақтан өткізілетінін айтты. Бұл кезеңде оның басқару тиімділігі тексеріледі.

Негізгі өлшем – сол округ республикалық дотациясыз өз-өзін қамтамасыз ете ала ма, жоқ па – соған байланысты болмақ. Егер жоба сәтті болса, облыстар мен аудандар толығымен жойылып, ел 20 округке бөлінетін жүйеге көшеді.

Серіктес жаңалықтары