×
474.08
558.28
6.26
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.08
558.28
6.26

Лукашенко қазақстандықтарға Беларусь азаматтығын берді

Бүгін, 12:00
Лукашенко қазақстандықтарға Беларусь азаматтығын берді
фото: ашық дереккөзден

Александр Лукашенко 230 адамды Беларусь азаматтығына қабылдау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды  Ulysmedia.kz . 

Тізімдегінің көбі украиналықтар

Жаңадан азаматтық алғандардың арасында 19 елдің өкілі бар. Олардың 13-і – кәмелетке толмағандар. Тізімде Қазақстан тумаларынан бөлек Ресей, Молдова, Армения, Сирия, Латвия және Түркиядан келгендер бар. Алайда, азаматтық алғандардың басым бөлігі – Украинадан келген азаматтар.

Олар бес жылдан бері Беларусияда тұрады 

Беларусь азаматтығына қабылданған тұлғалар ел аумағында бес жылдан астам уақыт тұрақты тұрып келеді. Олардың барлығы мемлекеттік тілдердің бірін біледі және ел экономикасының түрлі салаларында еңбек етеді.

«Олар өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, сауда және білім беру салаларында жұмыс істейді», – делінген ресми хабарламада.

Серіктес жаңалықтары