×
474.08
558.28
6.26
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.08
558.28
6.26

Ең ауқымды соққы: Ресей бір түнде Украинаның 16 бейбіт тұрғынын өлтірді

Бүгін, 15:25
Ең ауқымды соққы: Ресей бір түнде Украинаның 16 бейбіт тұрғынын өлтірді
фото: donpress.com

16 сәуірге қараған түні Ресей Украинаға биылғы ең ауқымды әрі қантөгісті шабуылдардың бірін жасады. Зымырандар мен дрондар арқылы жасалған соққылар салдарынан 16 адам көз жұмып, жүзге тарта адам жарақат алды. Қаза тапқандардың арасында 12 жастағы бала бар, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Reuters-тің жазуынша, шабуыл ел астанасы Киев пен өзге де қалаларды қамтыды. Қалада бірнеше жерде өрт шығып, аспанды қою қара түтін аспанды. Төтенше жағдай қызметтері бірнеше ошақты қатар сөндіруге мәжбүр болды. Таңертең тұрғындар мен құтқарушылар қатты бүлінген ғимараттардың маңын тазалауға кірісті.

Қала әкімі Виталий Кличконың мәліметінше, Киевте төрт адам, оның ішінде бір бала қаза тапқан. Ал Одесса қаласында тоғыз адам көз жұмса, Днепр қаласында екі адам мерт болған. Соңғысында тұрғын үйлерге өрт қойылған.

100-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ ЖАРАЛАНДЫ

Украина президенті Владимир Зеленский бұл шабуылдан соң Ресейге қарсы санкцияларды жеңілдетуге еш негіз жоқ екенін айтты. Оның сөзінше, жараланғандар саны 100-ге жуық.

«Ресейге қысым күшеюі тиіс. Украинаға уәде етілген көмекті дер кезінде жеткізу маңызды», – деді ол одақтастарына.

Украина әуе күштері соңғы тәулікте 31 зымыран мен 636 дронның көбі залалсыздандырылғанын хабарлады. Дегенмен 12 зымыран мен 20 дрон нысанаға жеткен.

АГРЕССОРҒА ҚЫСЫМ

Премьер-министрдің орынбасары Алексей Кулеба іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатқанын айтып, қаза тапқандар саны әлі өсуі мүмкін екенін жеткізді. Ал Сыртқы істер министрі Андрей Сыбига халықаралық қауымдастықты жедел әрекет етуге шақырды.

«Агрессорға қысымды күшейтетін барлық шешімдер дәл қазір қабылдануы тиіс. Ресейге қарсы санкциялар мен Украинаға көмек көрсету шараларын кешіктіру – орынсыз әрі қауіпті», – деді министр.

Киевке жасалған шабуыл таңертең де жалғасқан. Қала әкімінің айтуынша, төмен биіктікте ұшқан дрон 18 қабатты тұрғын үйге соғылған.

Қала прокуратурасы жараланғандар саны 54 адамға жеткенін мәлімдеді. Құтқарушылар орталық аудандардың бірінде зақымданған ғимараттан ана мен баланы аман алып шыққан. Сонымен қатар Подол ауданында зымыран сынықтары тұрғын үйдің алтыншы қабатына түскені анықталды.

Серіктес жаңалықтары