×
469.52
553.75
6.15
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
469.52
553.75
6.15

Шымкентте М. Әуезов университетінің қызметкерлері жүздеген млн теңгені жымқырған

Шымкентте М. Әуезов университетінің қызметкерлері жүздеген млн теңгені жымқырған
ашық дереккөз

Шымкентте Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде анықталған ірі көлемдегі қаржы жымқыру дерегі бойынша сот үкімі шықты. ЖОО қаражатын заңсыз иемденген сегіз адам жауапқа тартылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

КІМ ҚАНША ЖЫМҚЫРДЫ?

Сот материалдарына сәйкес, айыпталушылар қатарында университеттің бірқатар лауазымды қызметкері бар. Тергеу барысында олар бюджет қаражатын жүйелі түрде талан-таражға салғаны анықталған.

Атап айтқанда, бас есепші 166 миллион теңгеден астам қаржыны жымқырған. Ал қаржы департаменті басшысының міндетін атқарушы 100 миллион теңгеден астам соманы иемденген. Ең ірі көлемдегі заңсыз әрекет әкімшілік-шаруашылық департаментінің директорына тиесілі — ол сыбайластарымен бірге 320 миллион теңгеден астам қаражатты қолды еткен.

Сонымен қатар университеттің бірінші проректорына «Салғырттық» бабы бойынша айып тағылды. Тергеу дерегінше, оның әрекеті салдарынан мемлекетке 153 миллион теңгеден астам шығын келген.

СОТ ҮКІМІ

Шымкент қалалық сотының мәліметінше, жеті адамға Қылмыстық кодекстің 189-бабы — «Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу» бойынша айып тағылған.

Сотталушылардың кінәсі сараптама қорытындылары және куәгерлердің айғақтарымен дәлелденді. Оларға 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы және өзге де шектеу шаралары тағайындалды, – делінген сот хабарламасында.

Кейбір сотталушыларға рақымшылық заңы қолданылып, шартты жаза тағайындалған. Қазіргі уақытта сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары