×
$
452.91
€
509.43
₽
5.53
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
452.91
€
509.43
₽
5.53

Шымкент пен Рига арасында тікелей әуе қатынасы ашылуы мүмкін

Бүгін, 15:05
Шымкент пен Рига арасында тікелей әуе қатынасы ашылуы мүмкін
Pixabay.com

Шымкентте Қазақстан мен Латвия кәсіпкерлерінің бизнес-форумы өткізілуі мүмкін. Екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамытудың өзге де бағыттары қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің Латвия елшісі Даце Руткамен кездесуінде талқыланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

Консулдық ашу бастамасы

Кездесуде Қазақстан мен Латвия арасындағы өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту және Шымкентке инвестиция тарту перспективалары сөз болды.

Тараптар қалада Латвияның құрметті консулдығын ашу бастамасына ерекше назар аударды. Мұндай өкілдік өңіраралық және іскерлік байланыстарды нығайтуға, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейтуге, сондай-ақ кәсіпкерлер арасындағы байланысты дамытуға ықпал етуі мүмкін.

Сонымен қатар логистика, көлік және транзиттік тасымал салаларындағы әріптестік мүмкіндіктері қарастырылды. Шымкенттің географиялық орналасуы, өнеркәсіптік әлеуеті мен дамыған көлік инфрақұрылымы осы бағытта бірлескен жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Ригаға тікелей рейс ашыла ма?

Кездесуде Шымкентте Қазақстан мен Латвияның іскерлік орта өкілдері қатысатын бизнес-форум өткізу мүмкіндігі де талқыланды. Форум аясында B2B форматындағы кездесулер ұйымдастырып, инвестициялық мүмкіндіктерді таныстыру және өзара тиімді ынтымақтастық бағыттарын айқындау көзделіп отыр.

Бұдан бөлек, Латвияның бір қаласымен бауырластық байланыс орнату және Шымкент пен Рига арасында тікелей әуе қатынасын ашу мүмкіндігі қарастырылды.

Шымкент тарапы латвиялық компанияларды тартуға, іскерлік байланыстарды кеңейтуге және өзара тиімді бастамаларды жүзеге асыруға мүдделі екенін білдірді.