×
469.52
553.75
6.15
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
469.52
553.75
6.15

Қазақстанда жаңа ведомство құрылды. Ол немен айналысады

Қазақстанда жаңа ведомство құрылды. Ол немен айналысады
Коллаж: Ulysmedia.kz

Қазақстанда Қылмыстық қауіптер мен қоғамдық қауіпсіздік тәуекелдерін болжау орталығы құрылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ОРТАЛЫҚ ҚАЙ ВЕДОМСТВОҒА ҚАРАЙДЫ?

Орталық Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің құрылымына кіреді. Ведомствоның мәліметінше, 2026 жылғы 18 сәуірден бастап Комитетке заңнамалық тұрғыда жаңа функция — болжамдық-аналитикалық қызмет жүктелген. Бұл мемлекеттік органдарға ұсынымдар әзірлеуді де қамтиды.

Орталықтың талдауы алаяқтық қоңыраулардың басым бөлігі мессенджерлер, әсіресе, WhatsApp арқылы жасалатынын көрсеткен. Бұл қылмыскерлердің дәстүрлі телекоммуникациялық инфрақұрылымнан тыс әрекет етуге көшкенін аңғартады.

Сонымен қатар орталық 18 жаңа киберқауіпті анықтаған. Олардың қатарында шетелде қолданылатын SMS-бластер құрылғылары (байланыс операторларын айналып өтіп, жаппай хабарлама таратуға арналған), фишингтік шабуылдар, дипфейк технологиялары, жалған нөмірлер мен тіркелмеген SIM-карталарды пайдалану сияқты тәсілдер бар.

БАС ПРОКУРОР НЕ ДЕДІ?

Бас прокурор Берік Асылов жиын барысында халық арасында киберқылмыстың жаңа түрлері туралы түсіндіру жұмыстарын күшейту қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ қаржы ұйымдары, байланыс операторлары мен онлайн-платформалардың клиенттердің құқықтарын қорғау бағытындағы жауапкершілігін арттыру керектігін айтты.

Бұған дейін Қаржылық мониторинг агенттігі қазақстандықтарға ірі банктер мен провайдерлердің атынан жаппай фишингтік SMS-хабарламалар жіберген қылмыстық топты әшкерелегенін жазған едік.

Серіктес жаңалықтары