×
469.52
553.75
6.15
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
469.52
553.75
6.15

«Қажылыққа апарамын»: Астанада алаяқтар сотталды

«Қажылыққа апарамын»: Астанада алаяқтар сотталды
ашық дереккөз

Астанада тұрғындардың сеніміне кіріп, қажылық сапарын ұйымдастыру сылтауымен ақша жымқырған азаматқа сот үкімі шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТЕРГЕУ

Тергеу мәліметінше, сотталған адам өзін қажылық сапарын ұйымдастырушы ретінде таныстырып, әуе билеттері мен қонақүй шығындарын рәсімдеу қажет деген желеумен азаматтардан ақша жинаған. Нәтижесінде ол 7,4 млн теңгеден астам қаражатты заңсыз иемденген.

Алаяқтың құрбандары елдің әр өңірінен шыққан 17 адам болған. Олардың арасында ата-анасын умраға жіберуді жоспарлаған отбасылар да бар.

ЖАЗА

Сот барысында айыпталушы кінәсін толық мойындап, келтірілген шығынды өтеген. Сот шешімімен оған 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленді.

Прокуратура өкілдері азаматтарға қажылық немесе умра сапарын жоспарлағанда тек лицензиясы бар туристік компаниялардың қызметіне жүгінуді ескертеді.

Қаражатты тексерілмеген тұлғаларға, тіпті өзін қажылық ұйымдастырушысы ретінде таныстырған адамдарға аудару – алаяқтыққа тап болу қаупін арттырады, – делінген хабарламада.

Еске салсақ, бұған дейін белгілі айтыскер ақын Балғынбек Имашевтің ұлына қажылық жолдама үшін ақша бердік деген тағы 40-қа жуық адам шағымданғанын жазған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары