×
$
452.91
€
509.43
₽
5.53
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
452.91
€
509.43
₽
5.53

Депозиттегі ақшаға салық салынатыны рас па

Бүгін, 14:50
Депозиттегі ақшаға салық салынатыны рас па
Ulysmedia коллажы

Үкімет депозиттерден түсетін табысқа салық енгізуді қарастырып жатқан жоқ. Бұл туралы Экономика министрлігі мәлімдеді. Мұндай салық жақында енгізіледі деген қауесет әлеуметтік желілерде әлі де таралып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

Жалған ақпарат ресми түрде жоққа шығарылғанына қарамастан, оны тарату жалғасып жатқанын Дезинформацияға қарсы күрес орталығы хабарлады.

– Азаматтардың банктік салымдардан алатын табысына жеке табыс салығы салынбайды. Бұл Салық кодексінің 430-бабында көрсетілген, – деп түсіндірді Экономика министрлігі.

Жеке табыс салығы (ЖТС) жалақыдан және басқа да жеке табыстардан төленеді. Депозиттер бойынша пайыздық кіріс бұл тізімге кірмейді.

Контекст

Еске салайық, 2026 жылдың сегіз айында қазақстандықтардың депозиттері 8,3%-ға өсіп, 30,5 трлн теңгеден асты. Бұл қаражаттың жартысына жуығы 20 млн теңгеден астам ақша сақталған шоттарда жатыр.