×
469.49
552.59
6.24
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
469.49
552.59
6.24

Олигарх Артықбаев байланыс нарығындағы позициясын нығайтып жатыр

Бүгін, 09:18
Олигарх Артықбаев байланыс нарығындағы позициясын нығайтып жатыр
Коллаж Ulysmedia

Кәсіпкер Нұрлан Артықбаев Qazaq Stroy компаниясының иесі ретінде танымал. Ол жақында елдегі ең ірі мобильді операторлардың бірі – Kcell акцияларының бір бөлігін бақылауына алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Әңгіме компания акцияларының 14,87%-ы – шамамен 30 миллион бағалы қағаз туралы болып отыр. Осы пакетті Артықбаев KC Holding Ltd арқылы Вячеслав Кимнен сатып алған. Бұл жөнінде Forbes.kz жазды.

ЖҮЗДЕГЕН МИЛЛИОН ДОЛЛАР

Мәміленің ресми сомасы жарияланған жоқ. Алайда іскерлік ортадағы бағалаулар мен салалық жарияланымдарға сүйенсек, сөз жүздеген миллион доллар туралы болуы мүмкін – бұл Kcell акцияларының нарықтық құнына негізделген.

Яғни Артықбаевтың жай ғана инвестиция салып отырғанын жоқ. Стратегиялық салаларға жүйелі түрде кіріп жатыр.

АЛҒАШҚЫ ҚАДАМ ЕМЕС 
Айта кету керек, бұл бизнесменнің телеком саласындағы алғашқы мәмілесі емес. Бұған дейін ол Қазақтелеком акцияларының шамамен 9%-ын сатып алған. Енді Kcell арқылы ол позициясын күшейтіп отыр.

Осылайша, Артықбаев байланыс нарығындағы екі негізгі активте бірдей ықпал қалыптастыра бастады.

АРТЫҚБАЕВ КІМ?
Артықбаев – Қазақстандағы белгілі кәсіпкерлердің бірі. Ол құрылыс активтеріне иелік етеді және бұған дейін «Қазақтелекомдағы» үлесті сатып алған. Ал Вячеслав Ким – елдегі ең бай кәсіпкерлердің бірі болып қала береді.

АНЫҚТАМА
KC Holding Ltd 2024 жылы құрылған. Сол кезде оның құрылтайшысы Ғалымжан Есенов болған, кейін ол Kcell-дегі үлесін осы компанияға берген.

Серіктес жаңалықтары