×
469.49
552.59
6.24
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
469.49
552.59
6.24

Жапония танысуға беттеген бойдақтарға 125 доллардан таратып жатыр

Бүгін, 13:44
Жапония танысуға беттеген бойдақтарға 125 доллардан таратып жатыр
Фото: ЖИ

Жапония танысу қосымшасын қолданатын бойдақтарға 125 доллар береді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

БҰЛ ҚАНДАЙ БАҒДАРЛАМА?

Жапонияда халық санының азаюы мен туу көрсеткішінің төмендеуі билікті жаңа шешімдер іздеуге итермелеп отыр. Осыған байланысты елдің кейбір өңірлерінде танысу қосымшаларын қолдануды ынталандыратын бағдарламалар іске қосылған

Солардың бірі – Коти әкімшілік аймағындағы бастама. Жергілікті билік жалғызбасты тұрғындарға танысу сервистерін пайдалануға қаржылай қолдау көрсетеді. Бағдарлама аясында қатысушыларға жылына шамамен 20 мың иенге дейін ( 125 доллар) төлем қарастырылған.

ҚАРАЖАТТЫ ҚАЙДА ЖҰМСАЙДЫ?

Бұл қаражат танысуға арналған қосымшалардың ақылы қызметтерін пайдалануға бағытталған. Яғни қолданушылар жазылым рәсімдеу немесе қосымша мүмкіндіктерді іске қосу үшін субсидия алады.

Бағдарлама негізінен 20-39 жас аралығындағы жалғызбасты азаматтарға арналған. Қатысу үшін белгілі бір талаптар мен шарттар қарастырылған.

Мұндай бастамалардың негізгі мақсаты – жастарды танысуға, қарым-қатынас орнатуға және отбасы құруға ынталандыру. Себебі Жапонияда соңғы жылдары некеге тұру көрсеткіші азайып, демографиялық жағдай күрделене түскен.

Айта кетейік, бұл – Жапониядағы осындай алғашқы тәжірибе емес. Бұған дейін де кейбір өңірлер тұрғындарды танысу платформалары арқылы табысуға ынталандыратын жобаларды қолға алған.

Серіктес жаңалықтары