×
464.73
546.57
6.19
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
464.73
546.57
6.19

Фельдшерді ұрған астаналыққа үкім шықты

Бүгін, 10:16
Фельдшерді ұрған астаналыққа үкім шықты
Фото: ЖИ

Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты жедел жәрдем қызметкерін ұрған ер адамға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ОҚИҒА ҚАЛАЙ БОЛҒАН?

13 наурызда сауда орталығының автотұрағында мас күйдегі ер адам жедел жәрдем бригадасымен жанжалдасқан. Ол көрсетілген медициналық көмектің сапасына көңілі толмай, бір сәтте фельдшерді ұрып жіберген.

Медицина қызметкері ауыр жарақат алмаған. Алайда сот айыпталушының әрекеті медицина қызметкерлерінің қауіпсіз еңбек етуіне және олардың жеке басының қол сұғылмаушылығына нұқсан келтіргенін атап өтті.

Прокурор 1,5 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрады. Айыпталушы өз кінәсін мойындап, өзін түрмеге жаппауды өтінген. Жәбірленуші қатаң жаза тағайындауды талап етті.

ҮКІМ

Сот ер адамның бұрын сотталмағанын, алайда бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын ескерді – тыныштықты бұзу және қоғамдық орындарда алкоголь ішу деректері бойынша. Жеңілдететін мән-жай ретінде кінәсін мойындауы, ал ауырлататын мән-жай ретінде мас күйде болғаны танылды.

Нәтижесінде сот ер адамды бір жарым жылға бас бостандығынан айырып, жазаны ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде өтеуді тағайындады.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Еске сала кетейік, медицина қызметкерлеріне, оның ішінде жедел жәрдем жүргізушілеріне қатысты зорлық-зомбылық пен қорқыту үшін жазаны күшейтетін Қылмыстық кодекске енгізілген өзгерістер 2026 жылғы 7 наурызда күшіне енген болатын.

Серіктес жаңалықтары