×
462.87
540.72
6.16
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
462.87
540.72
6.16

Желідегі тапсырма: Алматыда оқушы қыз мектепке балтамен келген

Бүгін, 17:08
Желідегі тапсырма: Алматыда оқушы қыз мектепке балтамен келген
фото: ашық дереккөзден

Алматыда полициясы мектепке балтамен келген  оқушының әрекетіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕГІ НҰСҚАУЛАРДЫҢ ЫҚПАЛЫ

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оқушы қыз әлеуметтік желідегі нұсқаулардың ықпалымен заңға қайшы әрекет жасауға ниеттенген. Алайда полицейлер дер кезінде шара қолданып, қайғылы жағдайдың алдын алған.

«Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайы тергеу аясында анықталып жатыр. Атап айтқанда, жасөспірімді заңсыз әрекетке тартуы мүмкін адамдар да тексерілуде. Сондай-ақ, кәмелетке толмаған қыздың ата-анасына қатысты бала тәрбиесі жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - деп хабарлады полиция.

Полиция интернеттегі балалардың әрекеттерін ата-аналар тарапынан бақылаудың маңызын ерекше атап өтті.

Еске сала кетейік, биыл ақпанда 10-сынып оқушысы мектепке балтамен келіп, үзіліс кезінде басқа оқушыны қудалаған жағдай болған еді.

АТЫРАУДАҒЫ ОҚИҒА

Еске салайық, бұған дейін Құлсарыда оқушы мектеп дәлізінде балтамен жүгіргені хабарланған еді. Оқиға Пушкин атындағы №6 мектепте болған. Бұл оқиғадан кейін мектеп директоры қызметінен кетті.

 

Серіктес жаңалықтары