×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

Ел аумағында қыс түскелі жетпістен астам қар көшкіні жүрді

03.02.2023, 18:33
Ашық дереккөз

Қазақстанда қар көшкіні қаупіне қатысты жағдай құзырлы органдардың бақылауда. Толығырақ Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев айтып берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Қыс түскелі массасы 55 мың текше метрден асатын 57 табиғи қар көшкіні тіркелді. Атап айтқанда, Алматы қаласы, Алматы облысы және ШҚО аумағында. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесі жалпы көлемі 250 мың текше метр қолдан (профилактикалық шара) 74 қар көшкінін жасады. Зардап шеккендер және адам шығын жоқ», - деді Ибрагим Күлшімбаев Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, қар көшкіне қатысты жағдай министрліктің бақылауында.

«Қар көшкіні жағдайын бақылап, бағалайтын және қауіп төнген жағдайда ескертетін қызмет жұмыс істеп тұр. Алматы қаласы мен ШҚО-ның таулы аймақтарында шашамен 2 мыңға жуық қар ұстайтын қалқандар қойылды. Сонымен қатар учаскелерде ақпараттық және ескерту белгілері орнатылған», - деген ақпарат берді министрдің орынбасары.

ТЖМ дерегінше қар көшкіні жұмысына 112 маман және 56 бірлік техника жұмылдырылды.

Айта кетейік, елімізде тауға саяхаттауды ұнататын туристерге арналған мобильді қосымша әзірленіп жатыр.

Серіктес жаңалықтары