×
457.21
534.62
6.08
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
457.21
534.62
6.08

Астанаға Лавров келді: сапардың мақсаты қандай?

Бүгін, 09:23
Астанаға Лавров келді: сапардың мақсаты қандай?
фото: ашық дереккөзден

Қазақстанға екі күндік сапармен Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров келді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

НЕ ҮШІН КЕЛДІ?

Ресей СІМ-інің мәліметінше, Астанада ол Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен және Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаевпен кездеседі.

Министрліктің хабарлауынша, келіссөздер барысында екі ел арасындағы кең ауқымды стратегиялық әріптестікті және одақтастық қатынастарды нығайту мәселелері талқыланады. Сондай-ақ алдағы жоғары деңгейдегі кездесулерге дайындыққа ерекше назар аударылады.

ПУТИННІҢ САПАРЫНА ДАЙЫНДЫҚ ПА?

Саясаттанушы Марат Шибутов Сергей Лавровтың сапарының негізгі мақсаты — Ресей президенті Владимир Путинның Қазақстанға жасалатын алдағы сапарына дайындық екенін айтады.

— Сергей Лавров Владимир Путиннің мамыр айында Қазақстанға жасайтын сапарын әзірлеп жатыр. Мұндай жағдайда сыртқы істер министрінің алдын ала келуі — қалыпты дипломатиялық тәжірибе, — дейді Шибутов RTVI-ге берген пікірінде.

Еске салайық, бұған дейін Владимир Путин мамыр айының соңында Қазақстанға келіп, Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) Жоғары кеңесі отырысына қатысатыны хабарланған.

Серіктес жаңалықтары