×
457.21
534.62
6.08
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
457.21
534.62
6.08

Медициналық ЖОО-ларда оқу мерзімі ұзартылуы мүмкін

Бүгін, 15:16
Медициналық ЖОО-ларда оқу мерзімі ұзартылуы мүмкін
kaznmu.kz

Бұл туралы Мәжілісте педагог мәртебесі мен білім беру мәселелері жөніндегі заң жобасын талқылау барысында айтылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

НЕ ДӘРІГЕР ЕМЕС, НЕ СТУДЕНТ ЕМЕС

Депутат Асхат Аймағамбетовтің айтуынша,  6 жылдық оқу мерзімі аяқталған соң болашақ дәрігерлер заңды мәртебесі болмағандықтан емдеу шараларына қатыса алмайды.

«Соңғы реформаға сәйкес, студенттердің оқу мерзімі 6 жылды құрайды. Одан кейін 6 айға созылатын интернатура кезеңі бар, онда студент стационар жағдайында нақты заңды мәртебесі болмай, медициналық ақпараттық жүйелерді пайдалана алмайды. Сондай-ақ, емдеу шараларына тікелей қатыса алмай, тек бақылаушы ретінде ғана жұмыс істейді. Қарапайым тілмен айтқанда, білім алушылар өз бетімен қалып отыр», – деді депутат.

7 ЖЫЛДЫҚ МОДЕЛЬ

Депутаттың сөзінше, 6 жылдық оқуын аяқтаған түлектер бірден жұмысқа орналаса алмайды, себебі резидентурадан өту барлығына міндетті талап болып саналады.

«Резидентураның ұзақтығы 2 жылдан 4 жылға дейін созылады, әрі мемлекеттік гранттар саны шектеулі. Сондықтан оқу көбіне ақылы негізде өтеді», - дейді мәжілісмен.

Осы орайда Асхат Аймағамбетов дәрігерлерді даярлаудың 7 жылдық моделіне көшуді жөн деп санайды.

«Бағдарлама университетте 6 жыл теориялық дайындықты және медициналық ұйымдар базасында 1 жыл толыққанды практикалық интернатураны қамтитын болады», – деді депутат.

Айта кетейік, бұдан бұрын Ғылым және жоғары білім министрлігі елімізде шетелдік студенттердің санын 100 мыңға жеткізу көзделіп отырғанын мәлімдеген.

Серіктес жаңалықтары