×
462.91
542.16
6.16
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
462.91
542.16
6.16

«Алтын виза» және жаңа ережелер: Қазақстан шетелден кімдерді тартуға мүдделі

Бүгін, 15:04
«Алтын виза» және жаңа ережелер: Қазақстан шетелден кімдерді тартуға мүдделі
фото: caliber.az

Қасым-Жомарт Тоқаев көші-қон саясатына қатысты жаңа шараларды бекітті. Негізгі мақсат — Қазақстанға шетелден білікті мамандарды, инвесторларды және кәсіпкерлерді тарту, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ВИЗАЛАР БІРІКТІРІЛЕДІ

Үкіметке виза жүйесін қайта қарау тапсырылды. Жоспар бойынша бизнес-виза, білікті және уақытша жұмысшыларға арналған визалар біріктіріліп, жеңіл әрі біртұтас форматқа келтірілмек.

Сонымен қатар «алтын виза» енгізіледі. Ол инвесторлар мен жоғары білікті мамандарға беріліп, оларға қосымша жеңілдіктер мен ерекше жағдайлар қарастырылады.

Бұдан бөлек QazETA атты цифрлық платформа іске қосылады. Ол e-Residency функциясымен жұмыс істеп, шетелдіктерге өтініштерін онлайн түрде, бір терезе қағидаты бойынша беруге мүмкіндік береді.

Астана мен Алматыда IT мамандары мен олардың отбасылары үшін ағылшын тілінде қызмет көрсетілетін арнайы аймақтар құру жоспарланған.

Сондай-ақ олар үшін еңбек дауларынан бастап тұрмыстық мәселелерге дейін тез қаралатын жеке тетік енгізіліп, процестер ағылшын тілінде сүйемелденбек.

КОНТЕКСТ

Еске салайық, бұдан бұрын Қазақстанда тұруға ықтиярхат (ВНЖ) алу талаптары қатаңдатылған болатын. Дегенмен инвесторлар мен сұранысқа ие мамандар үшін елге кіру шарттары жеңіл күйінде сақталған.

Өзгерістер аясында соңғы апталарда ВНЖ рәсімдеу бойынша кейбір қиындықтар туындағаны айтылды. Шетелдіктер кейде құжаттарының себепсіз кері қайтарылғанын хабарлаған.

Ішкі істер министрлігі бұған дейін жаңа ережелер барлық адамға бірдей қолданылмайтынын, өтініш берушінің санатына байланысты екенін түсіндірген.

Серіктес жаңалықтары