×
462.91
542.16
6.16
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
462.91
542.16
6.16

Австралияда 5 жасар қыздың өлімінен кейін жаппай тәртіпсіздіктер басталды

Бүгін, 18:22
Австралияда 5 жасар қыздың өлімінен кейін жаппай тәртіпсіздіктер басталды
фото: ашық дереккөзден

Австралияның Алис-Спрингс қаласында байырғы халықтан шыққан 5 жасар қыздың өліміне қатысы бар деп күдікке ілінген ер адам ұсталғаннан кейін жаппай тәртіпсіздіктер басталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ДӘСТҮРЛІ «ЖАЗА ӨТЕУ»

Reuters-тің жазуынша, 47 жастағы ер адам жергілікті елді мекенге өзі келген. Сол жерде тұрғындар оны соққыға жыққан. Ол ес-түссіз күйде ауруханаға жеткізілген. Кейін медициналық мекеме маңына шамамен 400 адам жиналған.

Жиналған жұрттың наразылығы тез арада полициямен және құтқару қызметтерімен қақтығысқа ұласқан. Олар кейбір абориген қауымдарында сақталған дәстүрлі «жаза өтеуді» талап еткен. Көшеде тас лақтыру, өрт қою оқиғалары тіркеліп, полиция көліктері мен жедел қызмет техникасы зақымданған. Құқық қорғау органдары көз жасаурататын газ қолданған.

Қаза тапқан қыздың денесі қала маңынан бір күн бұрын табылған. Ол бірнеше күн бұрын жоғалып кеткен, содан кейін ауқымды іздестіру жұмыстары жүргізілген.

КҮДІКТІ КІМ?

Полиция күдіктінің бұған дейін де зорлық-зомбылық қылмыстары үшін сотталғанын және жақында ғана түрмеден босап шыққанын хабарлады.

Қауіпсіздік мақсатында ер адам Дарвин қаласына жеткізілді. Оған алдағы күндері ресми айып тағылмақ.

Австралия премьер-министрі Энтони Албаниз және полиция халықты сабырға шақырып, жағдайды ушықтырмауға шақырды.

Оқиға Австралияның байырғы халықтары арасындағы ұзақ жылдардан бері қордаланып келе жатқан әлеуметтік мәселелерді тағы да күн тәртібіне шығарды. Ел халқының шамамен 3,8 пайызын құрағанымен, аборигендер әлі де ең осал топтардың бірі саналады: кедейлік, жұмыссыздық, суицид және қылмыстық жазамен қамалу деңгейі жоғары.

Серіктес жаңалықтары