×
462.91
542.16
6.16
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
462.91
542.16
6.16

Тренд үшін жан пида: «Бәйтерек» түбінде шампан атқан блогер жазаланды

Бүгін, 16:24
Тренд үшін жан пида: «Бәйтерек» түбінде шампан атқан блогер жазаланды
фото: azattyq-ruhy.kz

Астана полициясы Instagram-ға трендтік видео түсіру үшін «Бәйтерек» монументі жанында шампан шашқан екі жергілікті тұрғынды жазаланғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ПОЛИЦИЯ МӘЛІМДЕМЕСІ

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, екі қыз қоғамдық орындарды ластағаны үшін жауапкершілікке тартылған.

«Елордада қоғамдық тәртіпті бұзудың екі дерегі бойынша жауапкершілік шарасы қолданылды. Бір жағдайда “Бәйтерек” монументі маңында тұрғын алкогольдік сусынды ашып, оның ішіндегісін төгіп, аумақты ластаған. Екінші жағдайда қыз орындықта отырып, әдейі сусынды төгіп, қоғамдық кеңістіктің тазалығын бұзған», – деді полиция департаменті.

Екі жағдайда да құқық бұзушылар қоғамдық орындарды ластағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

«Мұндай әрекетке жол берілмейтінін ескертеміз. Бұл тек заң бұзу ғана емес, айналадағы адамдарға, коммуналдық қызмет қызметкерлерінің еңбегіне және қала тұрғындарына құрметсіздік. Осындай құқық бұзушылықтардың барлығы қатаң түрде тоқтатылады», – деді Астана полициясы.

БЛОГЕРДІҢ ӘРЕКЕТІ

Полиция жариялаған видеодан жазаланғандардың бірі белгілі блогер, психолог Шынар Межанова екенін аңғаруға болады. Бұдан бұрын БАҚ оның видео түсіргеннен кейін шампан атқан жерін ластап кеткенін жазған. Журналистердің айтуынша, оқиғадан бір күн өткен соң шашыраған ішімдіктің ізі әлі де анық байқалған. Орындыққа дақ жағылып, отырған адамға жабысқан әрі сол жерде әлі де жағымсыз иіс сезілген.

Серіктес жаңалықтары