×
462.91
542.16
6.16
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
462.91
542.16
6.16

Көкшетауда әлдекім жеке тұрғын үйді өртеп жіберген

Көкшетауда әлдекім жеке тұрғын үйді өртеп жіберген
Фото: ТЖМ

Көкшетауда екі пәтерлі жеке тұрғын үйде өрт шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ОҚИҒАНЫҢ МӘН-ЖАЙЫ

ТЖМ мәліметінше, өрттің жалпы аумағы шамамен 120 шаршы метрді құраған. Жағдайды қиындатқан жайт – өрт сөндірушілер келгенге дейін екі газ баллоны жарылып, соның салдарынан жалын тез таралған.

ҚАСАҚАНА ӨРТЕГЕН

Өрт сөндірушілер шақырту түскен сәттен бастап 40 минут ішінде өртті толық сөндірді. Жұмыс барысында құтқарушылар үй ішінен көлемі 27 литр болатын тағы екі газ баллонын алып шығып, ықтимал жаңа жарылыстардың алдын алды.

ТЖМ мәліметінше, оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығуына қасақана өрт қою себеп болған.

Серіктес жаңалықтары