×
462.91
542.16
6.16
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
462.91
542.16
6.16

«Менің қызым емес»: Павлодарда ер адам өз баласын өлтірді деп айыпталып жатыр

«Менің қызым емес»: Павлодарда ер адам өз баласын өлтірді деп айыпталып жатыр
Фото: istockphoto.com

Павлодар облысында 26 жастағы ер адам үш жасар қызын өлтірді деген күдікке ілінді. Қайғылы оқиға 2025 жылдың қыркүйек айында Тереңкөл ауданында болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

ОҚИҒАНЫҢ МӘН-ЖАЙЫ

Тергеу нұсқасына сәйкес, ер адам қыздың өзінен туғанына күмәнданған. Ол жұбайымен бірге екі баланы тәрбиелеп отырған: үш жасар қызы және 2025 жылдың мамыр айында дүниеге келген ұлы бар. Тергеу дерегінше, күдікті әйелінің қызды басқа ер адамнан туғанына сенімді болған.

Прокуратура мәліметінше, әкесі баланы ұзақ уақыт бойы жүйелі түрде қорлаған. Ол қызын түнде шарфпен кереуетке байлап, ара-тұра ұрып отырған. Бұл әрекеттер 2025 жылдың қаңтарынан қыркүйекке дейін жалғасып, ақыры қайғылы жағдаймен аяқталған.

Оқиға болған күні күдікті көршісінің моншасында ішімдік ішкен. Кешкі сағат 22:00 шамасында үйіне барып, қызын алып кеткен. Кейін оны бірнеше рет ұрып, қайтадан көршісінің үйіне апарған. Тергеу мәліметіне сәйкес, ол баланы қатты күшпен бетон еденге лақтырған.

ПРОКУРОР НЕ ДЕДІ?

Сағат шамамен 22:00-де қызын өзімен бірге моншаға алып кірген. Сосын киім ауыстыратын бөлмеде, мас күйде баланы жоғары көтеріп, бетон еденге әдейі лақтырған, - дейді прокурордың көмекшісі Елена Корнева.

Оқиғадан кейін ер адам қызын аудандық ауруханаға жеткізген. Алайда ауыр жарақат салдарынан бала көз жұмды. Сараптама қорытындысы бойынша, қыздың бауыры жыртылып, ішкі қан кету анықталған.

Қазіргі уақытта күдіктіге «Азаптау» және «Адам өлтіру» баптары бойынша айып тағылған. Оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін. Алайда айыпталушы өз кінәсін мойындамай отыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Шымкент қаласында болған студент Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты тергеу жөнінде мәлімет берген болатын.

Серіктес жаңалықтары