×
462.91
542.16
6.16
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
462.91
542.16
6.16

Тоқаев жылқыларын көрсетіп, өзі жем-шөп беретінін айтты

Тоқаев жылқыларын көрсетіп, өзі жем-шөп беретінін айтты
Фото: Борт №1

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзіне әр жылдары сыйға тартылған жылқыларды көріп, олардың күтімін тексерді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ПРЕЗИДЕНТ НЕ ДЕДІ?

Мемлекет басшысы бір жыл бұрын ақалтеке тұқымынан туған ақ боз құлынға Ақжан деген ат қойғанын еске алды.

Бір жыл бұрын ақалтеке тұқымынан туған қылаң боз тайды Ақжан деп атап едім. Шоқтығы биік, қаз мойын, қамыс құлақ, денесі сылыңғыр, көзі тау суындай тұп-тұнық, жүрісі паң, өте есті жануар екені бүкіл болмыс-бітімінен байқалып тұрады. Президент Іс басқармасының атқорасында жақында Қатар елінен сыйға келген араб арғымақтары да бар, – деді Тоқаев.

ЖЫЛҚЫЛАРҒА ӨЗІ ЖЕП-ШӨП БЕРЕДІ

Президент кейде атқораға арнайы барып, жылқыларға өзі жем-шөп беретінін айтты.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының Instagram-дағы ресми парақшасында бірнеше сурет жарияланған.

Тоқаев жылқының қасиетін дәріптеп, ат спортын дамытуға ерекше көңіл бөлу қажет екенін атап өтті.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы ипподромының төңірегіндегі жағдай ушығып бара жатқанын, ресми орындар нысанның жай-күйін тек «көңіл көншітпейді» деп қысқа қайыратынын жазған едік.

Серіктес жаңалықтары