×
462.91
542.16
6.16
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
462.91
542.16
6.16

4 мамырда ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды

4 мамырда ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды
ашық дереккөз

Қазгидромет 4 мамырға Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстары туралы болжамдарын ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ЖАҢБЫР, НАЙЗАҒАЙ, БҰРШАҚ

Болжамға сәйкес, дүйсенбі күні Қазақстанның көп бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсуі мүмкін, сондай-ақ екпінді жел соғады. Елдің оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы таулы және тау бөктеріндегі аймақтарда қатты жаңбыр жаууы ықтимал.

Шығыс өңірлерде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі. Оңтүстікте шаңды дауыл, ал батыс пен оңтүстік-шығыста түнгі және таңғы сағаттарда тұман түседі.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде және Ақмола облысының шығысында ауа температурасы 1 градусқа дейін үсік болуы мүмкін.

ӨРТ ҚАУПІ САҚТАЛАДЫ

Ақмола облысының оңтүстік-шығысында, Павлодар облысының батысы, солтүстігі мен шығысында, Жамбыл облысының солтүстігі мен орталығында, Қарағанды облысының батысы, солтүстігі және оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының батысы мен солтүстік-батысында, Солтүстік Қазақстан облысының батысында, Қызылорда облысының шығысы, оңтүстігі және орталығында, Абай облысының оңтүстігі, шығысы, орталығы мен солтүстік-батығында, Жетісу облысының батысы мен солтүстігінде, Ұлытау облысының шығысы мен орталығында, Алматы облысының солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Сонымен қатар Жетісу облысының оңтүстік-шығысы мен оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.

Бұған дейін 3 мамыр күні ауа райы қандай болатынын жазған едік.

Серіктес жаңалықтары