×
462.91
542.16
6.16
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
462.91
542.16
6.16

100 млн теңге: Қазақстанда қызметі ең қымбат адвокаттар кімдер?

Бүгін, 09:37
100 млн теңге: Қазақстанда қызметі ең қымбат адвокаттар кімдер?
фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда бір іске қатысқаны үшін 100 млн теңге ақы алатын адвокаттар бар. Бұл туралы  Ulysmedia.kz-ке берген сұхбатында Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы Мәди Мырзағараев мәлімдеді.

АДВОКАТТАРДЫҢ ҚЫЗМЕТ АҚЫСЫ

Заңгер Қазақстанда адвокаттардың қызмет ақысы 50 мың теңгеден басталып миллиондаған теңгеге дейін баратынын айтты.

– Біріншіден, адвокаттың қызмет ақысы істің күрделілігіне, көлеміне байланысты болса, екіншіден, оның біліктілігіне, қаншалықты сұранысқа ие екеніне байланысты. Біреу өз жұмысын 100 мың теңгеге, енді біреу 1 млн теңгеге бағалауы мүмкін. Әлеуметтік желі арқылы өз қызметі үшін 100 миллион теңгеге дейін ақы алатын адвокаттар барын естіп, біліп жүрміз. Бірақ оларды жеке танымаймын. Бәлкім, сондай ақыға тұратын жұмыс шығар, – дейді Мәди Мырзағараев.

Алайда маманның айтуынша, адвокаттар қосымша құн салығын төлемейді.

– Адвокатура коммерциялық ұйым емес, сондықтан бұл салықтан босатылған. Адвокаттар ҚҚС төлеуге міндеттелсе, ол халықтың қалтасына салмақ болады ғой. Олардың негізгі мақсаты ақша табу болмауы керек. Егер оларды ақшаға байлап қоятын болсақ, тегін істерге қатысуды қояды, – дейді заңгер. 

100 МЛН АҚЫ АЛАТЫНДАР

Сондай-ақ, Мәди Мырзағараев ондаған миллион табыс табатын адвокаттар қандай істерді қарайтынына тоқталды.

– 100 млн ақы алатын адвокат қылмыстық істерді жүргізетін адам емес. Олар коммерциялық ұйымдар, үлкен алпауыттар арасындағы миллиардтаған сомалық дауларды шешетін адвокаттар, – дейді маман. 

Серіктес жаңалықтары