×
462.91
542.16
6.16
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
462.91
542.16
6.16

Тилли Норвуд үміткер бола алмайды: «Оскар» ережелері өзгерді

Бүгін, 14:08
Тилли Норвуд үміткер бола алмайды: «Оскар» ережелері өзгерді
deadline.com

Жасанды интеллекттің көмегімен жасалған Тилли Норвуд сияқты кейіпкерлер «Оскар» сыйлығын ала алмайды. Сондай-ақ сценарийлердің де ЖИ арқылы жазылмағандығы тексеріледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

АВТОРЛЫҚ ЕҢБЕК МАҢЫЗДЫ

Америкалық киноөнер және ғылым академиясы «Оскар» сыйлығын табыстайтын ұйым бірқатар номинация ережелерін жаңартты. Олар авторлық еңбектің маңызын атап өтті, бірақ жасанды интеллектіні қолдануға толық тыйым салған жоқ. Бұл мәселе алғаш рет 2027 жылғы марапатқа дайындық барысында қаралды.

Жаңа ережеге сәйкес, жасанды интеллект құралдары номинация алуға «көмектеспейді де, кедергі де болмайды». Яғни шешім қабылдағанда академия әр фильмдегі адамның шығармашылық үлесіне ерекше мән береді. Қажет болса, түсірілім тобынан жасанды интеллект қалай қолданылғаны және авторлық еңбек туралы қосымша ақпарат сұралуы мүмкін.

ЖАҢА ЕРЕЖЕ ҚАНДАЙ?

Сонымен қатар, актерлік марапаттарға тек «нақты адамдар сомдаған» және олардың келісімімен орындалған рөлдер ғана қатыса алады. Бұл жасанды интеллект арқылы жасалған кейіпкерлердің (мысалы, Тилли Норвуд) «Оскар» алу мүмкіндігін жоққа шығарады.

Бұл өзгерістер Вэл Килмер бейнесінің цифрлық нұсқасы As Deep as the Grave фильмінің трейлерінде пайда болғаннан кейін қабылданды. Актердің архивтік кадрлары оның отбасының шешімімен қолданылған.

Академия жаңа ережеде маңызды талаптың бірін нақтылады: сценарийлер іріктеуге сай болуы үшін толықтай адам жазған болуы керек. Яғни жасанды интеллект қолданылуы мүмкін, бірақ негізгі авторлық еңбек міндетті түрде адамға тиесілі болуы шарт.

НОМИНАЦИЯ ЕЛГЕ БЕРІЛМЕЙДІ

Халықаралық толықметражды фильмдер санатында да өзгеріс бар. Енді фильмдер тек ұлттық комитеттер арқылы ғана емес, ірі кинофестивальдерде жеңіске жетсе де ұсыныла алады. Олардың қатарында Канн кинофестивалі, Берлин кинофестивалі, Пусан кинофестивалі, Венеция кинофестивалі және Торонто кинофестивалі бар.

Бұған дейін іріктеу тек ресми ұлттық органдар арқылы жүргізілетін. Бұл кейбір елдерде, әсіресе билікті сынайтын фильмдер үшін кедергі болған.

Тағы бір өзгеріс – енді номинация елге емес, фильмнің өзіне беріледі. Марапат табысталғанда мүсіншеде режиссердің аты көрсетіледі, қажет болса ел атауы да бірге жазылады.

КЕЛЕСІ «ОСКАР» ҚАШАН?

Оскар сыйлығы тапсыру рәсімі 2027 жылдың 14 наурызында өтеді. Үміткерлерді қабылдау 2026 жылғы 1 қаңтарда басталып, 31 желтоқсанда аяқталады.

Номинациялар бойынша дауыс беру 2027 жылғы 11-15 қаңтар аралығында өтеді. Номинанттар 21 қаңтарда жарияланады. Финалдық дауыс беру 25 ақпан мен 4 наурыз аралығында өтеді.

ТИЛЛИ НОРВУД КІМ?

Айта кету керек, соңғы жылдары кино мен медиа саласында жасанды интеллекттің рөлі күрт өсіп келеді. Соның айқын мысалдарының бірі – Тилли Норвуд. Ол – шынайы адам емес, толықтай цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект арқылы жасалған виртуалды кейіпкер.Оның сырт келбеті, дауысы, эмоциясы – бәрі де цифрлық түрде құрастырылған. Яғни ол экранда бар, бірақ өмірде жоқ образ.

Мұндай кейіпкерлер кино, жарнама және әлеуметтік желілерде жиі қолданыла бастады. Кей жағдайда көрермен оның шынайы адам емес екенін бірден байқамауы да мүмкін.

Тилли Норвуд сияқты виртуалды кейіпкерлер кино индустриясында жаңа кезеңнің басталғанын көрсетеді. Олар түсірілім шығынын азайтуы мүмкін және қауіпті немесе күрделі сахналарды оңай орындауға мүмкіндік береді. Актердің жасына, физикалық мүмкіндігіне тәуелсіз образ жасауға жол ашады.

Алайда бұл технология бірқатар сұрақтарды да туындатты. Мысалы, авторлық құқық, актер еңбегінің бағалануы және этика мәселелері. 

Серіктес жаңалықтары