×
462.91
542.16
6.16
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
462.91
542.16
6.16

Астанада 1 жасар баланы көлік басып кетті

Бүгін, 15:31
Астанада 1 жасар баланы көлік басып кетті
фото: ашық дереккөзден

Астанада Иманов көшесіндегі көпқабатты үйдің ауласында 1 жас 8 айлық сәбиді көлік басып кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оқиғаның мән-жайы

Полицияның мәліметінше, Kia Seltos көлігінің жүргізушісі аула ішіндегі жолмен келе жатқан. Сол сәтте бала жолға шыққан. Көлік оны басып кеткен.

– Жол-көлік оқиғасы салдарынан бала оқиға орнында көз жұмды. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде, – деп хабарлады елорда полиция департаменті.

Полиция жүргізушілерге аула ішінде аса сақтықпен жүру керектігін, ал ата-аналарға кішкентай балаларды жол маңында қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертті.

Контекст

Айта кетейік, бұған дейін Абай облысында Бестерек ауылында алты баланы қағып кеткен 55 жастағы ер адамға үкім шыққан еді. Апат салдарынан төрт жасөспірім қаза тапқан.

Серіктес жаңалықтары