×
463.41
546.27
6.18
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
463.41
546.27
6.18

Есірткі ұсынған: Алматыда ер адам жасөспірім қызды өзімен бірге әкетпек болған

Бүгін, 12:54
Есірткі ұсынған: Алматыда ер адам жасөспірім қызды өзімен бірге әкетпек болған
фото: әлеуметтік желіден

Алматы тұрғыны 7 мамыр күні таңертең Сайран көлі маңында болған алаңдатарлық оқиға туралы айтты. Оның сөзінше, белгісіз ер адам 15 жастағы қызын өзімен бірге алып кетуге тырысқан, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚЫЛМЫС ҚҰРАМЫ ЖОҚ ПА?

Әйелдің айтуынша, жасөспірім орындықта отырған кезде оған бейтаныс ер адам жақындаған. 

– 15 жастағы қызым өзімен бірге кетуге көндірмек болған адамға тап болды. Ол есірткі ұсынып, түрлі мақтау айтып, сеніміне кіруге тырысқан. Қызым айласын асырып, одан қашып құтылған. Бірақ оның орнында кез келген қыз болуы мүмкін еді. Қызым орындықта отырған, ал әлгі адам айналшықтап жүріп, кейін қасына келіп отырған. Полицияға барудың мәні жоқ шығар деп ойладым, өйткені нақты қылмыс құрамы жоқ сияқты. Дегенмен біреу танып қалар немесе құқық қорғау органдары назар аударар деген үмітпен жазып отырмын, – деп жазған әйел Threads желісінде.

ПОЛИЦИЯ НЕ ДЕЙДІ?

Желіде резонанс тудырған бұл оқиға полицияға жеткен. Алматы қалалық полиция департаменті аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

– Ер адамның жеке басы анықталды. Қазір оны ұстау шаралары жүргізіліп жатыр. Оның әрекетіне қолданыстағы заңнамаға сәйкес құқықтық баға беріледі, – деп хабарлады полиция департаменті.

Тәртіп сақшылары тұрғындарды күмәнді жағдайларды елеусіз қалдырмай, бірден полицияға  хабарласуға үндеді.

КОНТЕКСТ

Айта кетейік, бұдан бұрын Өскемен тұрғындары автобуста шамамен 10-12 жастағы қыз балаларға тиіскен ер адамды ұстаған.

Ер адамның әрекетін автобуста отырған жолаушылардың бірі байқап, балаларға араша түспек болған. Соның салдарынан әлгі ер адам мен жолаушының арасында жанжал туындап, соңы төбелеске ұласқан. Оқиға видеоға түсіріліп, кейін желіге тараған.

Серіктес жаңалықтары