×
463.41
546.27
6.18
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
463.41
546.27
6.18

Павлодарда азапталған 16 бүлдіршінге қатысты сұмдық деректер ашылды

Бүгін, 15:26
Павлодарда азапталған 16 бүлдіршінге қатысты сұмдық деректер ашылды
фото: ашық дереккөзден

Жуырда Павлодар қаласында 16 бүлдіршінді ұрып-соғып, азаптаған тәрбиешіге үкім шыққан. Бүгін Бас прокуратура осы іске қатысты өз ұстанымын мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ЖҮЙЕЛІ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ

Бас прокуратура бұл істе Павлодар прокурорларының ұстанымы қатаң болғанын айтты.

«Тәрбиешінің кінәсі мемлекеттік айыптауды қолдаған прокурордың белсенді ұстанымының арқасында дәлелденді, ол даусыз дәлелдер ұсынып, ауырлататын мән-жайлар ұсына отырып, неғұрлым ауыр айып тақты», - дейді ведомство.

Прокурорлар тәрбиешінің әрекетін «балаларға жасалған зорлық-зомбылық» деп бағалаған.

«Прокурор сотталған әйелдің балаларға жүйелі түрде зорлық-зомбылық көрсеткенін дәлелдеді. Тәрбиеші балаларды ұрып-соғып, шаштарын жұлып, лақтырып, дене және психикалық зардап келтірген», - деп хабарлайды Бас прокуратура.

СОТ ҚАШАН БОЛДЫ?

Айта кетейік, аталмыш іс бойынша сот 2026 жылдың 17 сәуірінде өткен. Судья осы дәлелдерді ескере отырып, тәрбиешіні 4 жыл 6 ай мерзімге соттаған. Алайда тәрбиеші жазаны нақты өтеуден уақытша босатылды. Қылмыс жасалған кезде оның жүкті болғаны, қазір балалы болғаны және басқа да кәмелетке толмаған балаларының бар екені ескеріліп, сот жазаны өтеуді бес жылға кейінге қалдырды.

Бүлдіршіндердің ата-аналары бұл шешіммен келіспейді. Олардың айтуынша, мұндай жаза өзгелерге сабақ болуы тиіс еді. Кей ата-аналар балаларында психологиялық және даму мәселелері пайда болғанын айтып отыр. Ата-аналар үкімге шағымданып, жазаны кейінге қалдырмай, нақты бас бостандығынан айыруды талап етпек.

Серіктес жаңалықтары