×
461.26
542.58
6.18
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
461.26
542.58
6.18

АҚШ-тың мұнай зауытында жойқын жарылыс болды

Бүгін, 11:52
АҚШ-тың мұнай зауытында жойқын жарылыс болды
Фото: x.com

АҚШ-тың Луизиана штатындағы Chalmette Refining мұнай өңдеу зауытында күшті жарылыс болып, артынша өрт шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ОҚИҒАНЫҢ МӘН-ЖАЙЫ

Fox 8 телеарнасының хабарлауынша, оқиға 8 мамыр күні жергілікті уақытпен шамамен сағат 13:00-де Жаңа Орлеан маңында орналасқан PBF Energy компаниясының зауытында болған. Жарылыс риформинг қондырғысы аумағында тіркеліп, кейін ірі өртке ұласқан.

Оқиға куәгерлері әлеуметтік желіде өрт пен аспанға көтерілген қою түтіннің видеоларын жариялады. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, қатты жарылыс даусы естілген, ал кейбірі дүмпуден үйлер мен жақын маңдағы ғимараттардың шайқалғанын сезген.

Reuters агенттігінің жазуынша, өрт жергілікті уақытпен шамамен 14:30-да оқшауланған.

— Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер жоқ, зауыт қызметкерлерінің барлығы қауіпсіз жерде, — деп хабарлады БАҚ.

Билік өкілдері мен зауыт басшылығы ауа сапасына жүргізілген бақылау кәсіпорыннан тыс аумақта қауіпті деңгейдегі ластану анықталмағанын мәлімдеді. Қазір жарылыстың шығу себептері анықталып жатыр.

ӨСКЕМЕНДЕГІ ЖАРЫЛЫС

Еске салайық,  5 мамырда Өскемен қаласындағы "Қазцинк" зауыты аумағында жарылыс болды. Куәгерлер алдымен қатты жарылысты естіген, содан кейін нысаннан өрт шығып, ғимараттың бір бөлігі құлаған.

Төтенше жағдайдан екі адам қаза тауып, тағы бес адам жарақат алғаны хабарланды.

«Қазцинк» кәсіпорнындағы апатқа қатысты қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 156-бабы 4-бөлігі бойынша тергеліп жатыр. Бұл бап еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу салдарынан ауыр зардаптарға әкелу дерегіне қатысты. Аталған бап бойынша ең жоғарғы жаза – 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру.

Серіктес жаңалықтары