×
461.26
542.58
6.18
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
461.26
542.58
6.18

Көкшетаудағы қайғылы жағдай: Тұрғындар үндеу жасады

Бүгін, 14:25
Көкшетаудағы қайғылы жағдай: Тұрғындар үндеу жасады
ulysmedia.kz

Көкшетау қаласындағы Сарыарқа көшесінде әйел адамды көлік қағып мерт қылғаннан кейін тұрғындар мәлімдеме жасады. Олардың сөзінше, өздері тұратын тұрғын үй ауласы тым қауіпті. Бұл жерде үш тұрғын үйге тек бір ғана кіреберіс жол бар, деп хабарлайды Ulysmedia.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Тұрғындардың айтуынша, олар бірнеше рет ауладағы көлік қозғалысы мәселесін шешуді, жасанды жол кедергілерін (лежачий полицейский) орнатуды және аулаға екінші кіреберіс ашуды сұраған.

«Біз өте қайғылы, сұмдық жағдайға тап болдық. Күндізгі уақытта, көз алдымызда адамды көлік қағып кетті. Біз, осы үйдің тұрғындары, еш нәрседен сақтандырылмағанбыз, себебі барлық көлік ағыны бір ғана кіреберіс арқылы өтеді. Балаларымыз аулада ойнайды, жанында ойын алаңы бар, бірақ мұнда ешқандай қауіпсіздік жоқ... Бұған дейін де апаттар болған, бірақ адам өлімі болмаған еді. Енді бір бала анасынан айырылды. Осындайдан кейін қалай үнсіз отыра аламыз?» – дейді видеодағы әйелдердің бірі.

Тұрғындардың айтуынша, жоба бойынша шағын ауданда екінші кіреберіс болған. Бірақ кейін оны жауып тастаған. Неліктен бұлай жасалғанын оларға ешкім түсіндірмеген.

«Жақын жерде тағы балабақша бар. Барлық көлік бір ғана жер арқылы жоғары жылдамдықпен өтеді. Бүгін осы жалғыз кіреберісте адамды көлік қағып өлтірді. Егер аулада тағы бір төтенше жағдай болса ше? Жедел жәрдем мұнда қалай кірмек?» – дейді тағы бір тұрғын.

КОНТЕКСТ

Бұған дейін, әлеуметті желіде ауладан шығып бара жатқан әйел адамды көлік басып-жаншығаны бейнеленген видео тараған. Видеода әйел адам жаяу жүргіншілер жолына қарай шыға бергенде, кенеттен аулаға бұрылып жатқан көлік әйелді қағып, бірнеше метр жүріп барып тоқтағаны көрінеді. Көлік ішіндегі адамдар машинаның астында қалған әйел адамға қарап, кейбірі әлдебіреулерге телефон шалып жатқаны байқалады.

Оқиғаға байланысты Ақмола облыстық полициясы қылмыстық іс қозғаған.

«Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады полиция.

Қазақстанда қалаларында жаңадан салынған тұрғын үйлердің аулалары тым тар екені көп айтылады. Осыған байланысты аулада адамдарды көлік қағу оқиғалары жиі болады.

Серіктес жаңалықтары