×
461.26
542.58
6.18
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
461.26
542.58
6.18

Шешен белсендісі Мовлаевтың қамау мерзімі ұзартылды

Бүгін, 16:30
Шешен белсендісі Мовлаевтың қамау мерзімі ұзартылды
Фото: ашық дереккөзден

Алматы соты шешен белсендісі Мансур Мовлаевтың экстрадициялық қамауын 2026 жылдың шілдесіне дейін ұзартты. Оның жақтастары сот отырысы адвокаттарсыз өткенін айтып, шешімнің заңдылығына күмән келтіріп отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МОВЛАЕВ ІСІ 

2020 жылы Шешенстан билігін сынаған Мансур Мовлаев Ресейде есірткі сақтау ісі бойынша сотталған. Оның қорғаушылары бұл істі күштік құрылымдардың қысымымен байланыстырады.

Мовлаев шамамен 1,5 жыл түрмеде отырып, 2022 жылы шартты түрде мерзімінен бұрын босап шыққан. Кейін жақтастарының айтуынша, ол қайта ұсталып, соққыға жығылып, белгісіз жерде қамалған. Алайда қашып кетуге мүмкіндік тапқан.

ҚЫРҒЫЗСТАН МЕН ҚАЗАҚСТАН

Осыдан кейін Мовлаев Ресейден кетіп, Қазақстан арқылы Қырғызстанға барған. Онда оған бопсалау ісі бойынша іздеу жарияланған. Қорғаушылар бұл айыптың да саяси астары бар деп санайды.

2023 жылы ол Қырғызстанда шекараны заңсыз кесіп өткені үшін ұсталып, алты айға сотталды. Бостандыққа шыққаннан кейін сот оны депортациялау туралы шешім қабылдаған.

Кейін таныстарының мәліметінше, Мовлаев қайтадан Қазақстанға келген, онда тағы ұсталған. Оған босқын мәртебесі берілмеген.

СОТ ШЕШІМІНЕ ҚАТЫСТЫ ДАУ

Мовлаевтың серіктерінің айтуынша, 8 мамырдағы сот отырысы оның өзі мен адвокаттарының қатысуынсыз өткен. Олар бір жылдан астам қамауда отырған адамға экстрадициялық қамауды тек заңда көрсетілген ерекше жағдайларда ғана ұзартуға болатынын айтады.

Сондай-ақ олар Ресейге экстрадициялау туралы шағым қаралғанын, ал Қазақстанның Жоғарғы соты баспана беру туралы өтініш толық аяқталғанға дейін экстрадицияны тоқтатқанын еске салды. Осыған байланысты белсендінің жақтастары оны қамауда ұстауға қазір заңды негіз жоқ деп есептейді.

Серіктес жаңалықтары