«Эйр Астана» АҚ-ның 2026 жылдың алғашқы үш айына арналған аралық қаржылық есебі қоғамда қызу талқыланып жатыр. Әлеуметтік желіде тараған мәліметке сәйкес, компанияның топ-менеджерлері үш ай ішінде 2,8 млрд теңге сыйақы алғаны айтылуда, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ШЫҒЫНЫ КӨБЕЙГЕН
Алайда қаржылық құжатта бұл сома нақты топ-менеджерлерге төленді деп көрсетілмеген.
Құжатқа сүйенсек, Air Astana Group 2026 жылдың алғашқы тоқсанын 10,6 млрд теңге таза шығынмен аяқтаған. Былтыр осы кезеңде шығын 3,8 млрд теңге болған. Осылайша компанияның шығыны бір жылда бірнеше есе ұлғайған.
Соған қарамастан, компания табысы өскен. Үш айдағы жалпы кіріс 164,6 млрд теңгені құраған. Оның ішінде жолаушылар тасымалынан түскен табыс 156,5 млрд теңгеге жеткен. Бұл былтырмен салыстырғанда шамамен 13,5%-ға жоғары.
Қаржылық есепте операциялық шығындардың айтарлықтай артқаны көрсетілген. Ең ірі шығындар қатарында:

2,8 МЛРД ДАУЫ ҚАЙДАН ШЫҚТЫ?
Компанияның қаржы есебіне сәйкес, персонал мен экипаж шығындары бірнеше бапқа бөлінген. Оның ішінде жалақы төлеуге 25,8 млрд теңге, «қосымша төлемдерге» 2,8 млрд теңге және әлеуметтік салыққа 1,9 млрд теңге жұмсалғаны көрсетілген. Әлеуметтік желіде қызу талқыланған «2,8 млрд теңге топ-менеджерлерге берілді» деген ақпарат дәл осы «қосымша төлемдер» бабына байланысты тараған. Алайда қаржы есебінің өзінде бұл қаражаттың нақты кімдерге және қандай мақсатта төленгені ашып көрсетілмеген.
Құжатта Air Astana мен FlyArystan компанияларының қаржылық нәтижелері де жеке-жеке берілген. Есепке сәйкес, Air Astana шамамен 6,4 млрд теңге шығын көрсетсе, FlyArystan шығыны 5,3 млрд теңгеге жеткен.
Сонымен қатар компания активтері 1 трлн теңгеден асқаны белгілі болды. Оның ішінде 211,6 млрд теңге ақша қаражаты мен оның баламалары ретінде көрсетілген.
Қазіргі уақытта Air Astana әлеуметтік желілерде тараған талқылаулар мен «қосымша төлемдерге» қатысты ақпарат бойынша ресми түсініктеме жариялаған жоқ.