×
463.91
544.63
6.26
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
463.91
544.63
6.26

Батысқа төнген басты қауіп: Трамп Ресеймен жақындасуға неге мүдделі

Бүгін, 08:33
Батысқа төнген басты қауіп: Трамп Ресеймен жақындасуға неге мүдделі
фото: news.ru

Politico АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігі Ресеймен қарым-қатынасты нығайтуды Қытаймен текетірестегі күштер тепе-теңдігін өзгертудің бір жолы ретінде қарастырып отырғанын жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

АҚШ ҮШІН ТИІМДІ

Трамп әкімшілігінің өкілі Politico-ға берген пікірінде «Ресеймен анағұрлым жақын байланыс орнату Қытайға қатысты жаңа күш балансын қалыптастыруы мүмкін, ал бұл АҚШ үшін өте тиімді болар еді» деген.

Басылым мәліметінше, Ақ үй Қытайды АҚШ пен Батысқа төнген басты қауіп деп санайды. Алайда сарапшылардың пікірінше, Путин мен Си Цзиньпин билікте отырған кезде Вашингтонның Мәскеуді өз жағына тарту мүмкіндігі өте төмен.

Басылым украиналық шенеуніктің пікірін де келтіреді. Оның айтуынша, Батыстың Мәскеумен жақындасу әрекеті бұған дейін де болған. Мысал ретінде ол Германияның Ресейге қатысты «шығыс саясатын» атаған. Шенеунік Мәскеу мен Бейжіңді АҚШ-қа «демократияның символы» ретінде теріс көзқарас біріктіріп отырғанын айтқан.

ТРАМПТЫҢ БЕЙЖІҢГЕ САПАРЫ

АҚШ президенті 13-15 мамыр аралығында Бейжіңге сапары кезінде қытайлық әріптесімен кездеседі. Келіссөз барысында Трамп Тайвань, Иран және энергетика мәселелерін талқыламақ.

12 мамырда АҚ үй басшысы Вашингтон мен Бейжіңді «үлкен істер күтіп тұрғанын» мәлімдеді.

«Мен бәрі құрметтейтін көшбасшы, президент Си Цзиньпинмен бірге таңғажайып Қытай еліне жасайтын сапарымды асыға күтіп жүрмін. Бұл екі ел үшін де үлкен нәтижелерге жол ашады», – деп жазды ол.

10 мамырда Politico АҚШ пен Қытай арасындағы қатынас жаңа шиеленіс кезеңіне өткенін хабарлаған. Бұған Вашингтонның Бейжіңді Иранға қолдау көрсетті деп айыптауы және АҚШ Мемлекеттік департаментінің Қытайдың үш компаниясына санкция енгізуі себеп болған.

Серіктес жаңалықтары