×
474.04
555.01
6.45
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.04
555.01
6.45

«Ш...ха» деді»: Динара Сәтжан ақтөбелік «емшімен» соттасқалы жатыр

Бүгін, 08:02
«Ш...ха» деді»: Динара Сәтжан ақтөбелік «емшімен» соттасқалы жатыр
фото: ашық дереккөзден

Динара Сәтжан өзіне тіл тигізген ақтөбелік «емшінің» қызметі жөнінде Ақтөбе облысының Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне  сұрау жолдайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

СӘТЖАННЫҢ МӘЛІМДЕМЕСІ

Тележүргізуші емшінің қаншалықты заңды жұмыс істейтінін анықтау қажет екенін айтты.

“Ақылы батаның” ақшасы қайда түседі? “Каспиіне” ме? Әлде күйеуі мен ұлының шоттарына ма? Ол салық төлей ме? Адам емдеуге лицензиясы бар ма? Ақылы бата беріп, сынық салып, киелі заттар сатып, адам емдеп, бірнеше бизнес ашып, бірнеше мүліктерді, көліктерді туған-туысқандарына сыйға тартатындай ол батаның ақысы қандай? Соншалықты батадан миллиондаған ақша табуға бола ма? Батасы заңды патенттелген бе? Киелі заттар дегені не? Оның патенті бар ма? Желілік бизнестердің БАД-тарын халыққа ем үстінде сатуға құқығы бар ма? Бұл заңды ма?”, – деп шүйлікті Сәтжан.

Журналист Бағдагүл емшінің әрекеті халық арасына бүлік салады деп есептейді.

“Қазақша сөйлемесеңдер көтеріліске шығайық деп неге әлеуметтік желіде халықты арандатқысы келеді? Ауыз өзімдікі екен деп неге елдің бәрін қорлайды? Маған да “шлюха” деп тіл тигізді. Бұл — жария түрде қорлау. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 131-бабы! Қорлау! Неліктен мен туралы жалған ақпарат таратып, адамдарды адастырады? Мені мемлекеттік жобалардан ақша алады деп айтыпты. Ал, менің мемлекеттен бір тиын да алмағаным, ешқандай мемлекеттік тендерлерге қатыспағанымды оп- оңай дәлелдеуге болады. Барлығы ашық ақпарат көздерінде тұр”, – деп жазды ол желіде. 

Динара Сәтжан бұл мәселелермен өзінің адвокаты айналысып жатқанын, Ақтөбе облысының полициясына арыз жазғанын жеткізді.

“Ол Заң аясында барлық іс-әрекетіне, айтқан сөздеріне жауап береді. Бұл бейберекетсіздікті тоқтататын уақыт келді”, – деп түйіндеді ол.

ЕМШІ НЕ ДЕП ЕДІ?

 

Бұдан бұрын Бағдагүл есімді емші  Динара Сәтжанды сынға алып, бейнежазба жариялаған. Эмоцияға беріліп, ашуланған емші:

"Мен саған көрсетемін. Айтып тұрған сөзін қара, менің кім екенімді білмей жүр екенсің. Өздеріңнің тілдеріңде деловая колбаскасың ғой сен. Мені ауруға теңейтін сен кімсің? Осы сөзіме жауап беремін, соңына дейін барамын. Ақ пен қараның айқасын көрсетейін саған. Көп тілімді қышытпа. Қазақ қыздарының намысын қорғауды керек болса, өз қолыма алатын боламын. Саған ешкімді жем қылмаймын. Сендердің сөздеріңді сөйлеп жатқан өздерің сияқты жеңіл жүрісті әйелдер. Намысы жоқ! Көрсетейін мен сендерге. Мен тиіссем, Қазақстанды бұзатын адамдарға тиісемін. Сендер сияқты тойынған қатын емеспін. Намысым өз орнында. Айтатынымды айттым. Мені ауруға теңегенің үшін жауап бересің, Динара Сәтжан! Мен енді сені аямаймын. Екі дүниенің бар екенін көрсетемін. Шайтандар, жын-ойнақтар жүрген. Жатқан жыланның құйрығын баспа", - деген еді.

Серіктес жаңалықтары