×
474.04
555.01
6.45
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.04
555.01
6.45

17 облыс, бір көрпе: Өскеменде алып құрақ тігілді

Бүгін, 13:41
17 облыс, бір көрпе: Өскеменде алып құрақ тігілді
Фото: Altainews

Өскеменде Халықаралық отбасы күніне орай бұрын-соңды болмаған ауқымды мәдени жоба басталды. Елдің 17 облысынан келген құрақшылар «Шығыс Алтай» стадионында ұзындығы екі шақырымнан асатын алып құрақ көрпе тігіп, оны халықаралық рекордтар кітабына енгізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

РЕКОРД КІТАБЫНА ЕНГІЗІЛЕДІ

«Аламан құрақ көрпе» фестивалінде еліміздің әр өңірінен әкелінген құрақтар біріктіріліп, ұзындығы екі шақырымнан асатын алып құрақ көрпе құрастырылуда. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл туынды «Global Best of Records» халықаралық рекордтар кітабына енгізілуі мүмкін. Аталған басылым әлемдегі ірі жетістіктер тіркелетін беделді тізілімдердің бірі саналады.

Бастаманың басты мақсаты – қазақ халқының ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан құрақ құрау өнерін жаңа деңгейде насихаттау. Жоба ұлттық құндылықтарды дәріптеп қана қоймай, ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, өңірлер арасындағы мәдени байланысты күшейтуді көздейді.

ҚҰРАҚТЫҢ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

Іс-шара барысында қолөнер шеберлері мен еріктілер түрлі түсті маталардан құрақ құрап, ортақ көрпенің бір бөлігіне өз үлестерін қосуда. Әр құрақ бөлігінде қазақы өрнек, ұлттық нақыш пен өңірлік ерекшелік көрініс тапқан. Ұйымдастырушылардың сөзінше, алып көрпе халық бірлігі мен ынтымағының символына айналмақ.

Құрақ құрау – қазақ мәдениетіндегі терең мағынасы бар көне қолөнер түрлерінің бірі. Ол үнемшілдіктің, шеберліктің және отбасы жылуының белгісі ретінде бағаланады. Сондықтан да Халықаралық отбасы күні қарсаңында қолға алынған бұл жоба ұлттық мұраны дәріптеудің жарқын үлгісі ретінде көпшіліктің қызығушылығын тудырып отыр.

Серіктес жаңалықтары