×
474.04
555.01
6.45
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.04
555.01
6.45

Түркістандағы мешітке Мирзиёевтің әкесінің аты берілуі мүмкін

Бүгін, 17:12
Түркістандағы мешітке Мирзиёевтің әкесінің аты берілуі мүмкін
фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевке және өзбек халқына екі ел арасындағы рухани байланысты нығайтуға қосқан үлесі мен Түркістанда жаңа мешітті салып бергені үшін алғыс айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мирзиёевтің әкесінің құрметіне ме?

Түркі мемлекеттері ұйымының саммитінде сөйлеген сөзінде Тоқаев жаңа мешіт екі халықтың – қазақ пен өзбектің рухани бірлігінің символына айналатынын айтты. Ол мешітке Миромон есімін беруді ұсынды. Миромон Мирзиёев – Өзбекстан президентінің әкесі.

– Бұл мешіт екі елдің рухани өмірінде ерекше орын алады. Ол қазақ пен өзбек халықтарының тарихи бірлігінің белгісі болмақ. Менің ойымша, бұл мешітке Миромон атын беру орынды болар еді. Екі халық та бұл шешімді қолдайтынына күмәнім жоқ. Себебі бұл қасиетті нысан біздің мәңгілік достығымыздың символына айналады, – деді мемлекет басшысы.

Саммит алдында Тоқаев пен Мирзиёев Түркістандағы жаңа мешітті бірге аралап көрді. Бұл – Өзбекстан президентінің Қазақстан халқына тартуы ретінде салынған нысан.

Ғимараттың сәулеті исламдық дәстүрлер мен заманауи құрылыс технологияларын ұштастырады. Мешіттің қасбеті мен ішкі бөлігі ұлттық ою-өрнектермен және ислам каллиграфиясының элементтерімен безендірілген.

Саммит

Айта кетейік, Түркістанда Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті өтіп жатыр. Оған Қасым-Жомарт Тоқаев, Режеп Тайип Ердоған, Ильхам Әлиев, Садыр Жапаров және Шавкат Мирзиёев қатысуда. Кездесу күн тәртібінде – жасанды интеллект пен цифрландыру мәселелері қаралған.

Серіктес жаңалықтары