×
467.58
543.66
6.44
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
467.58
543.66
6.44

Қазақстандықтардың бір бөлігі интернетсіз қалады

Бүгін, 17:13
Қазақстандықтардың бір бөлігі интернетсіз қалады
фото: ашық дереккөзден

Қазақстандағы ұялы байланыс операторлары 3G желісін өшіре бастады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

3G-ден бас тарту

Beeline компаниясының баспасөз қызметінің айтуынша, мобильді байланыс радиожиіліктер арқылы жұмыс істейді және бұл ресурс шектеулі. 2G, 3G және LTE әртүрлі жиілік диапазондарын қолданғанымен, олардың тиімділігі әртүрлі. Технология неғұрлым заманауи болса, сол бір жиілік аясында соғұрлым көп дерек тасымалдай алады. Сондықтан ел бойынша 3G-ден бас тартып, бос жиілікті LTE-ге көшіру жоспарланып отыр.

Компанияның мәліметінше, бұл абоненттер үшін әсіресе адам көп жиналатын жерлерде — сауда орталықтарында, вокзалдарда, стадиондарда және тығыз қалалық аудандарда — мобильді интернеттің тұрақтырақ болуын қамтамасыз етуі тиіс.

Шалғай ауылдардың тұрғындары не істейді?

Оператор кей өңірлерде 3G әлі де негізгі байланыс көзі болып отырған ауылдардағы жағдай туралы ештеңе айтпаған. Елдің кей аймақтарында байланыс сапасы әлсіз болып, интернет жиі “Е” белгісін көрсететіні де жасырын емес.

Заманауи смартфон қолданушылары үшін арнайы әрекет қажет емес. Алайда телефон немесе SIM-карта LTE-ді қолдамаса, мобильді интернеттің сапасы төмендеуі немесе мүлде істен шығуы мүмкін. Мұндай жағдайда абонентке құрылғысын немесе SIM-картасын ауыстыруға тура келеді.

Серіктес жаңалықтары