×
471.93
548.43
6.61
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
471.93
548.43
6.61

Мәжіліс Қазақстан президенті туралы заңды екінші оқылымда қабылдады

Бүгін, 11:11
Мәжіліс Қазақстан президенті туралы заңды екінші оқылымда қабылдады
Ақорда

Қазақстан президенті туралы конституциялық заң мәжілісте екінші оқылымда қабылданды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Құжатта президенттің мемлекеттік биліктің барлық тармағының үйлесімді жұмысын қамтамасыз ететін ең жоғары лауазымды тұлға ретіндегі рөлі бекітілген.

Президент халық бірлігінің, мемлекеттік биліктің, Конституцияның, адам мен азамат құқықтары мен бостандықтарының кепілі әрі символы болып қала береді. Сонымен қатар, кезектен тыс сайлау институтының алынып тасталуына байланысты президентті сайлау, ант беру және өкілеттік мерзіміне қатысты нормалар нақтыланған.

Заңға сәйкес президент енді бас прокурорды, Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты төрағаларын, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Жоғары аудиторлық палатаның, Орталық сайлау комиссиясының, Ұлттық банктің басшыларын, адам құқықтары жөніндегі уәкілді және мемлекеттік күзет қызметінің басшысын тағайындай алады. Сондай-ақ Жоғары сот кеңесінің ұсынысымен Жоғарғы сот төрағасын тағайындайды.

Ал Құрылтаймен келісім арқылы президент вице-президентті, премьер-министрді, Конституциялық соттың 10 судьясын, Жоғары аудиторлық палатаның сегіз мүшесін, Орталық сайлау комиссиясының алты мүшесін және Жоғарғы сот судьяларын тағайындайды әрі сайлайды.

Бұдан бөлек, заңмен Қазақстанда вице-президент институты енгізіледі. Оның құқықтық мәртебесі де айқындалған. Вице-президент мемлекет басшысының тапсырмасымен Құрылтаймен, үкіметпен және басқа мемлекеттік органдармен байланыста оның өкілі болады.

- Сондай-ақ заңда «Қазақстан Халық Кеңесіне» қатысты президенттің өкілеттігі де бекітілген. Оған ұйым құрамын бекіту және оның жұмыс инфрақұрылымын қамтамасыз ету кіреді. Адам құқықтары жөніндегі уәкілге қатысты президенттің құзыреті де жеке норма ретінде енгізілген.

Мемлекеттік билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді нақты бөлу және тепе-теңдік жүйесін күшейту мемлекеттік басқарудағы қайталанатын функцияларды азайтып, жұмыстың жеделдігін арттыруға мүмкіндік береді, - делінген мәжіліс таратқан хабарламада.

Серіктес жаңалықтары