×
471.77
547.25
6.6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
471.77
547.25
6.6

Жезқазғанда кәріз құдығын тазалау кезінде жұмысшы қаза тапты

Бүгін, 15:12
Жезқазғанда кәріз құдығын тазалау кезінде жұмысшы қаза тапты
фото: ашық дереккөзден

Жезқазғанда «Жылумен және сумен жабдықтау кәсіпорны» АҚ қызметкері қаза тапты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оқиғаның мән-жайы

Қайғылы оқиға 20 мамыр кешінде Абай мен Чехов көшелерінің қиылысында болған.

Әкімдіктің алдын ала мәліметінше, кәріз құдығын тазалау жұмыстары кезінде газ таралған.

«Соның салдарынан 1982 жылы туған жұмысшы оқиға орнында көз жұмды. Ал 1986 жылы туған екінші қызметкерді жедел жәрдем бригадасы медициналық мекемеге жеткізді», – делінген хабарламада.

Қазір оқиғаның барлық мән-жайы мен себептері анықталып жатыр. Сондай-ақ зардап шеккен екінші жұмысшының алған жарақатының ауырлығы тексерілуде.

Қала полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 156-бабы 3-бөлігі – «Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу, абайсызда адам өліміне әкелу» бойынша қылмыстық іс қозғады. Аталған бап бойынша бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Контекст

Айта кетейік, бұдан бұрын Шығыс Қазақстан облысындағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапқан. Жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде шаң-желдету қызметінің механигі шамамен 9 метр биіктіктен құлаған.

Серіктес жаңалықтары