×
471.77
547.25
6.6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
471.77
547.25
6.6

Руслан Желдібай жаңа қызметке тағайындалды

Бүгін, 19:36
Руслан Желдібай жаңа қызметке тағайындалды
Ulysmedia.kz коллажы

Руслан Желдібай Қазақстан Президентінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Руслан Желдібай бұған дейін Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы, Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары – баспасөз хатшысы, Президенттің ішкі саясат және коммуникациялар мәселелері жөніндегі көмекшісі, Президент кеңесшісі – баспасөз хатшысы, кейін Президенттің көмекшісі – баспасөз хатшысы қызметтерін атқарған.

Ол 1989 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін тәмамдаған. Сондай-ақ «Болашақ» халықаралық бағдарламасының түлегі, Ұлыбританиядағы Уорик университетінің магистрі.

2011-2012 жылдары – "Қазақстан" ұлттық телеарнасында редактор.

2012-2018 жылдары – "Алматы" телеарнасында бөлім басшысы, продюсер.

2018-2019 жылдары – Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті Интернет кеңістікте және әлеуметтік желілерде ақпараттық жұмыс жүргізу басқармасының басшысы.

2019-2020 жылдары – Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары болды. 

2020 жылдан бастап Ақордадағы қызметі басталып, биылғы қаңтарға дейін Президент әкімшілігінде жұмыс істеді.

Серіктес жаңалықтары