АҚШ, Украина және Ресей арасындағы келіссөздер тоқтады. Бұл жөнінде АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Марко Рубио Швецияда өткен НАТО елдері сыртқы істер министрлерінің кездесуі кезінде «Қазіргі кезде келіссөздер жүріп жатқан жоқ» деп мәлімдеді. Оның сөзінше, жағдай өзгерсе Вашингтон келіссөздер өткізуге көмектесуге дайын. Бұған қоса, ол АҚШ нәтижесіз келіссөздерге араласпайтынын да ескертті.
– Ресей мен Украина бізбен келіссөз жүргізуге ынта танытқан. Сол себепті араласқан едік. Өкінішке орай, одан нәтиже болмады... Осы рөлді жалғастыруға дайынбыз, – деді Рубио.
Келіссөздер тоқтағанына қарамастан, АҚШ Украинаны қолдауды жалғастыра береді.
КОНТЕКСТ
20 мамырда Украина президенті Владимир Зеленский келіссөздер қайта жалғасады деп үміттенетінін айтқан.
Оған дейін, 9 мамырда Ресей басшысы Владимир Путин «соғыстың аяқталуына аз қалды» деген.
Ал 12 мамырда АҚШ президенті Дональд Трамп журналистерге берген жауабында «соғыс аяқталатын күн жақын» деп мәлімдеген.
АҚШ ұйымдастырған үшжақты кездесу осы қыста өткен. Бірақ одан ешқандай нәтиже болмаған. Тараптар қандай да бір келісімге келе алмаған.