×
470.8
545.99
6.6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
470.8
545.99
6.6

Зеленский: Ресей Украинаға «Орешник» зымыранымен соққы жасауға дайындалып жатыр

Бүгін, 09:11
Зеленский: Ресей Украинаға «Орешник» зымыранымен соққы жасауға дайындалып жатыр
unian.net

Ресей Украинаға «Орешник» баллистикалық зымырандарымен соққы жасауға дайындалып жатыр. Бұл жөнінде президент Владимир Зеленский мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Украина президенті Владимир Зеленскийдің сөзінше, Ресей армиясы «Орешник» баллистикалық зымыранымен соққы жасауға дайындалып жатыр.

– Украина аумағына, соның ішінде Киевке қарсы түрлі қару түрлерін қолдана отырып, біріккен шабуылға дайындық белгілері байқалып отыр. Аталған орта қашықтықтағы қару осындай соққы кезінде қолданылуы мүмкін», — деп мәлімдеді Владимир Зеленский.

Зеленский бұл ақпаратты Украина барлау қызметі мен АҚШ және еуропа елдерінің деректеріне сүйеніп жариялаған. Бірақ ол ақпаратты әлі де болса тексеру қажеттігін айтты.

АҚШ-тың Украинадағы елшілігі қауіпсіздік жағдайына байланысты ескерту жариялады. Дипломатиялық миссия «алдағы 24 сағат ішінде кез келген уақытта болуы мүмкін ауқымды әуе шабуылы туралы ақпарат алғанын» мәлімдеді.

– Елшілік әдеттегідей АҚШ азаматтарына әуе дабылы жарияланған жағдайда дереу қауіпсіз жерге жасырынуға дайын болуды ұсынады, — делінген хабарламада.

АҚШ ЕЛШІЛІГІНІҢ ЕСКЕРТУІ

Елшілік өкілдері азаматтарға әуе дабылы жарияланбай тұрып алдын ала паналау орындарын анықтап қоюға, ескерту хабарламаларын қабылдайтын мобильді қосымшаларды жүктеуге және кез келген сәтте баспанаға баруға дайын болуға кеңес берді.

Сондай-ақ соңғы жаңалықтарды бақылап отыруды, су, азық-түлік және дәрі-дәрмек қорын дайындауды, әрі Украина билігі мен төтенше жағдай қызметтерінің нұсқауларын қатаң сақтауды ұсынды.

КОНТЕКСТ

Ресей қорғаныс министрлігі қаңтарда Украинаға қарсы «Орешник»  баллистикалық зымыранын қолданғанын мәлімдеген. Бұған дейін, 2024 жылы қарашада Ресей Днепрдағы қорғаныс кәсіпорынын дәл осы «Орешник» зымыранымен атқылаған.

Серіктес жаңалықтары