×
470.8
545.99
6.6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
470.8
545.99
6.6

Ақ үй алдындағы атыс: Бір адам қаза тауып, тағы бірі жараланған

Бүгін, 09:37
Ақ үй алдындағы атыс: Бір адам қаза тауып, тағы бірі жараланған
АР

Ақ үй алдында атыс болып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Ulysmedia.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Вашингтонда белгісіз ер адам Ақ үй алдында АҚШ құпия қызметінің өкілдерімен атысқан. Салдарынан ер адам жараланып, кейіннен ауруханада көз жұмған.

АҚШ құпия қызметінің мәліметінше, ер адам Ақ үй қоршауының қасына жақындап, сөмкесінен қару алып шығып, құпия қызмет өкілдеріне қарата оқ жаудырған. Қызметкерлер қарымта оқ атып, ер адамды жаралаған. Бірақ ол кейіннен ауруханада көз жұмған. Шабуыл жасаған адамның кім екені әзірге келегісіз. Құпия қызмет те мәлімдемесінде оған қатысты ешқандай деректер көрсетпеген.

Атыс кезінде көшеде кетіп бара жатқан тағы бір адам жарақат алған. Оның жағдайы қалай екені белгісіз. Құпия қызмет өкілдерінен ешкім зардап шекпеген.

Атыстың дыбысы АВС телеарнасының эфиріне жазылып қалған. Дәл сол уақытта телеарна тілшісі Селина Ван Ақ үй аумағында репортаж дайындап жүрген. Оның сөзінше, атыс дыбысын оншақты рет естіген. Осыдан кейін журналистер ғимаратқа кіргізілген.

Оқиға болған уақытта президент Дональд Трамп Ақ үйде болған. Бірақ атыс оның жұмысына әсер етпеген. 

Серіктес жаңалықтары