×
470.8
545.99
6.6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
470.8
545.99
6.6

Маусымда Қазақстанның 12 өңірінде құрғақшылық болуы мүмкін

Бүгін, 12:24
Маусымда Қазақстанның 12 өңірінде құрғақшылық болуы мүмкін
ЖИ/Ulysmedia

«Қазгидромет» маусым айында 12 өңірде құрғақшылық болуы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды Ulysmedia.

ТОЛЫҒЫРАҚ

«Қазгидромет» мәліметінше, маусым айында 12 өңірде құрғақшылық қаупі жоғары болады.  Алдын ала болжамы бойынша, маусым айында мына өңірлерде атмосфералық құрғақшылық болуы мүмкін:

Қостанай облысында – Амангелді, Қарасу, Әулиекөл және Жангелдин аудандарында;

Батыс Қазақстан облысында – Жаңақала ауданында;

Қарағанды облысында – Шет ауданында;

Ақмола облысында – Ерейментау және Аршалы аудандарында;

Ақтөбе облысында – Шалқар және Ырғыз аудандарында;

Атырау облысында – Құрманғазы және Махамбет аудандарында;

Қарағанды облысында – Ақтоғай, Нұра және Шет аудандарында;

Ұлытау облысында – Ұлытау және Жаңаарқа аудандарының жекелеген елді мекендерінде;

Алматы облысында – Жамбыл ауданында;

Жетісу облысында – Алакөл ауданында;

Жамбыл облысында – Талас ауданында;

Қызылорда облысында – Қазалы, Қармақшы, Шиелі аудандарында және Қызылорда қаласында.

– Аталған аудандарда жергілікті құрғақшылықтың туындау ықтималдығы жоғары. Еліміздің қалған аумақтарында ылғалдану жағдайы осы ай үшін қалыпты деңгейге жақын болады деп күтілуде, – делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары