×
470.8
545.99
6.6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
470.8
545.99
6.6

Өзбекстан құрамасы әлем чемпионатына баратын ойыншылар тізімін жариялады

Бүгін, 10:35
Өзбекстан құрамасы әлем чемпионатына баратын ойыншылар тізімін жариялады
olympic.uz

Өзбекстан футбол құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатына баратын ойыншылар тізімін жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бас бапкер Фабио Каннаваро әлем чемпионатына арналған оқу-жаттығу жиынына 30 футболшыны таңдап алды. Бірақ турнирдің ресми додасына тек 26 ойыншы ғана жолдама алады.

Өзбекстан футбол ассоциациясының вице-президенті Равшан Ирматовтың айтуынша, қалған төрт ойыншы форс-мажор жағдайларға сақтық үшін алынған.

Бас бапкер Фабио Каннавароның кеңейтілген құрамына келесі футболшылар енді:

Қақпашылар: Уткир Юсупов, Ботирали Эргашев және Абдувохид Неъматов бар. 

Қорғаныс шебі: Рустамжон Ашурматов, Умарбек Эшмуродов, Авазбек Улмасалиев, Абдукодир Хусанов, Абдулла Абдуллаев, Жахонгир Урозов, Хожиакбар Алижонов, Бехруз Каримов, Русланбек Жиянов, Фаррух Сайфиев, Шерзод Насруллаев және Умарали Рахмоналиев ойнайды.

Жартылай қорғаныс: Азизжон Ганиев, Акмаль Мозговой, Шерзод Эсанов, Oтабек Шукуров, Одилжон Хамробеков, Достонбек Хамдамов, Жамшид Искандеров және Жасур Жалолиддинов өнер көрсетеді. 

Шабуыл шебі: Аббосбек Файзуллаев, Остон Урунов, Жалолиддин Машарипов, Азизбек Омонов, Элдор Шомуродов, Игорь Сергеев және Шерзод Темиров ойнайды.

Биыл Өзбекстан ұлттық құрамасы алғаш рет әлем чемпионатына шығып отыр. Жеребе бойынша, Португалия, Конго және Колумбия құрамаларымен бір топта ойнайды.

КОНТЕКСТ

Айта кететін бір жайт, Португалия сапында аты аңызға айналған Криштиану Роналду өзінің алтыншы әлем чемпионатына қатысады. Ол бұған дейін ұлттық құрамасымен бірге Еуропа чемпионы атанған. Бірақ әлем чемпионатын бірде-бір рет жеңбеген. 

Футболдан әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада өтеді.

Серіктес жаңалықтары