×
441.58
480
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.58
480
4.86

Түркиядағы зілзала: Құрбандар арасында қазақстандықтар бар ма?

06.02.2023, 14:51
фото: ашық дереккөзден

ҚР СІМ Түркиядағы қуатты жер сілкінісі салдарынан зардап шеккендер мен қаза тапқандардың арасында Қазақстан азаматтары жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Түркия Республикасындағы Елшілігіміздің ақпаратына сәйкес, Астана уақытымен сағат 15-00-дегі жағдай бойынша Түркияның оңтүстік-шығысындағы қуатты жер сілкінісінен кейін Қазақстан азаматтарынан өтініш түскен жоқ. Консул Түркияның төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасымен үнемі байланыста отыр. Қазіргі уақытта зардап шеккендер немесе қаза тапқандар тізімінде Қазақстан азаматтары жоқ. Сонымен қатар қирандылардың өте көп болуына байланысты құтқару жұмыстарының жалғасып жатқанын ескерген жөн», - деді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Еске салсақ, Түркияның оңтүстік-шығысындағы Газиантеп провинциясында 7,4 балдық жер сілкінісі болды.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президентіне көңіл айып, Қазақстан көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Серіктес жаңалықтары