×
472.48
550.06
6.59
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
472.48
550.06
6.59

«Ешқашан жойылмайтын мәселе»: Германия елшісі Сайлыбаеваның өлімі жайлы

Бүгін, 10:52
«Ешқашан жойылмайтын мәселе»: Германия елшісі Сайлыбаеваның өлімі жайлы
Ulysmedia.kz коллажы

Германия Федеративтік Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Моника Иверсен Германияда қаза тапқан экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның ісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Елшінің айтуынша, бұл оқиға Германияда да резонанс тудырған.

 – Бұл оқиға біздің қоғамды қатты шошытты. Өкінішке қарай, бұл іс бойынша менде жеткілікті ақпарат жоқ болғандықтан, егжей-тегжейін айта алмаймын. Германияда мұндай тергеулер тәуелсіз жүргізіледі, біз әдетте олардың барысына араласпаймыз және материалдарға қол жеткізе алмаймыз, – дейді Моника Иверсен.

Дипломаттың айтуынша, тұрмыстық зорлық  –  Германияда да өзекті мәселе.

–  Тұрмыстық зорлық барлық қоғамда бар. Ондай проблемасыз бірде-бір ел жоқ. Германия да бар. Бізде кінәлілерді жауапқа тартатын заңдар бар. Жәбірленушілерге көмек көрсететін және қорғау ұсынатын ұйымдар жұмыс істейді. Бірақ бұл мәселе ешқашан толық жойылмайды. COVID-19 пандемиясы кезінде, адамдар ұзақ уақыт үйде отыруға мәжбүр болғанда, Германияда тұрмыстық зорлық жағдайлары, өкінішке қарай, қайта көбейді. Сондықтан бұл барлық елге ортақ мәселе. Әр мемлекет жәбірленушілерді қорғау және зорлықтың алдын алу жолдарын іздеуі тиіс. Әзірге ешбір ел мінсіз шешім тапқан жоқ, – дейді елші. 

Экс-судьяның өлімі

Еске салайық, жуырда Қазақстан Бас прокурорының орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Айгүл Сайлыбаеваның өліміне қатысты тергеу барысы жөнінде мәлімет берген. Марқұмның туыстары оны азаптап өлтірді деп күйеуі мен енесін айыптап отыр. Екеуі де Ресей азаматтары.

Ғалымжан Қойгелдиевтің айтуынша, Қазақстан Ішкі істер министрлігі Наталья және Александр Донцовтарға қатысты Айгүл Сайлыбаеваны азаптау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғаған.

Сонымен қатар, Германияда «қасақана адам өлтіру» бабы бойынша тергеу жалғасып жатыр. Өткен жылдың делтоқсан айының соңында Александр мен Наталья Донцовтардың Мәскеуде ұсталғаны белгілі болды. Бұл туралы марқұмның ағасы Қанат Сайлыбаев мәлімдеген.

Айгүл Сайлыбаева 40 жаста еді. Ол Ұлыбританияда білім алып, Астанада судья қызметін атқарған. Соңғы жылдары отбасымен Германияда тұрған. 2025 жылы 4 маусым күні таңертең екі жасар қызын балабақшаға апарып, сол күйі хабарсыз кеткен. 12 күннен кейін оның мәйіті табылды.

Айгүл Сайлыбаеваның анасы Шолпан Батқалова Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев көмек сұрап, күдіктілерді елге экстрадициялау ісіне араласуын сұрады. Ресейдің Тергеу комитеті Германияда қаза тапқан Қазақстанның бұрынғы судьясы Айгүл Сайлыбаеваның ата-анасының өтінішіне жауап беріп, тексеру жұмыстары басталғанын хабарлады

Серіктес жаңалықтары