×
472.48
550.06
6.59
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
472.48
550.06
6.59

Шымкенттік оқушыға әлемнің 74 университеті таласып отыр

Бүгін, 17:43
Шымкенттік оқушыға әлемнің 74 университеті таласып отыр
instagram.com/shymkent_akimdigi

Шымкенттік оқушы Дастан Рақыманберді әлемдік деңгейдегі білім рекордын орнатты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

12 елден шақырту

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, №2 мамандандырылған үш тілде оқытатын мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы халықаралық сындарда жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп, SAT емтиханынан 1480 балл және IELTS бағдарламасынан 7.0 балл жинады.

Дастан бүгінгі таңда дүниежүзінің 12 еліндегі 74 беделді жоғары оқу орнынан ресми шақырту алып отыр.

Халықаралық олимпиадалардың жүлдегері 

Ол бесінші сыныптан бастап ізденіс жолына түскен. Республикалық астрофизика олимпиадасының І орын, халықаралық «Ғылым әлемін ашамыз» конкурсының ІІІ орын алған және елімізде тұңғыш өткен қаржылық сауаттылық олимпиадасының ІІ орын иегері. Сонымен қатар, IT саласында ерекше көзге түсіп, 15-тен астам халықаралық және республикалық хакатонның жүлдегері атанды. Оның ішінде АҚШ-тың NASA агенттігі ұйымдастырған жарыста да жоғары нәтиже көрсетті.

Біліммен қатар әлеуметтік белсенділікті де ұштастырған жас дарын соңғы жылдары 40-тан астам ауқымды волонтерлік іс-шараға атсалысты.

Серіктес жаңалықтары