×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Астанада жол сақшыларына пара беру жиілеген

06.02.2023, 18:17
Ашық дереккөз

Астанада қаңтарда жол сақшыларына пара беру дерегі жиілеген. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Қаңтарда Астана, Алматы қалаларының, Алматы, Қарағанды, Павлодар және Жетісу облыстарының Полиция департаменттерінде тексеріс жүргізілді. Тексеру профилактикалық тұрғыдан да әсер етті. Кейінгі айда анықталған әкімшілік құқықбұзушылықтардың саны едәуір өсті. Мысалы, тек Астана қаласында жол қозғалысы ережелерін бұзу саны 23 800-ге дейін жетті", - деді министрлік өкілі.

Шұғыла Тұрлыбек Ішкі істер органдары қызметкерлерін парасаттылыққа тексерудің пилоттық жобасы полиция қызметкерлерінің жауапкершілігін арттырғанын атап өтті.

"Полиция қызметкерлеріне пара беру әрекеттері туралы хабарлау көрсеткіші артты. Былтырмен салыстырғанда мұндай деректер саны 3 есеге жуық өсті", - деді ол.

Шұғыла Тұрлыбек полиция өкіліне пара берудің жазасы қандай болатынын да айтты. 

"ІІМ лауазымды адамға пара бергені үшін айыппұл салуды немесе бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыруды көздейтін қылмыстық жауаптылық көзделген", - деді Шұғыла Тұрлыбек.

Серіктес жаңалықтары